Астана мен Алматыда ХҚКО-лардың қызметтер саны қысқарады

Malim Админ

  • 19.03.2020

Карантин жариялануына байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимін өзгерту туралы шешім қабылданды. ХҚКО көрсететін қызметтер саны қысқартылады. Азаматтар онлайн ұсынылмайтын қызметтерді ғана ала алады. Осымен бірге, еліміздегі барлық ХҚКО сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болатын қызметтердің қатарында төлқұжат пен жеке куәлік алу, зейнетақы мен әр түрлі жәрдемақы тағайындау және т.б. бар.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы автоматтандырылған және электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы бот арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу барысында қандай да бір  қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 Бірыңғай байланыс орталығына ұялы және стационарлы телефоннан хабарласа алады. Қоңырау соғу тегін. Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «ҰАТ» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейтті.

Сонымен қатар, Министрлік Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адам көп шоғырланатындықтан, азаматтарға ХҚКО-ға аса қажет болмаса бармауға кеңес береді .

Байланысты жаналықтар

Жолды жауып тастаған Қоянды ауылынан бір түнде 80 мың текше метр су тартылды

27.03.2024

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?

21.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Ынтымақ күні

21.03.2024
MalimBlocks
Жолды жауып тастаған Қоянды ауылынан бір түнде 80 мың текше метр су тартылды

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?

Наурызнама: Бүгін - Ынтымақ күні

Астана мен Алматыда қандай іс-шара өтеді?