Олимпиада чемпионы коронавирус жұқтырды

Malim Админ

  • 24.03.2020

Коронавирусқа шалдыққандардың қатарында белгілі адамдар да бар. Лондон олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Кэмерон Ван дер БУРГ әлем халқын әбігерге салған індетті жұқтырған. Бұл туралы оңтүстікафрикалық спортшы Twitter-гі парақшасында жазған.

«Коронавируспен күресіп жатқаныма 14 күн болды.Әлсіздік пен жөтелге қарсы арпалысып жатырмын. Бұл ауыр вирус екен. Мен шалдыққан ең ауыр ауру осы. Мен спортшымын. Шылым шекпеймін, ішімдік ішпеймін. Соның өзін де коронавирустан сауығу қиын екен. Физикалық жаттыуғыды айтпағанның өзінде сәл жүрсем әлсіреп кетем», - деп жазды спортшы.

Соңғы деректер бойынша коронавирусқа шалдыққандардың саны 350 536 адамға жетті. 15 328 адам көз жұмса, 100 182-сі сауығып кеткен. Бұл індеттің негізгі ошақтары Қытай, Италия, АҚШ, Испания, Германия және Иран.

Фото ғаламтордан алынды.