Миллионерлер ақшасын Nur Otan таратады

Қанат Тілеухан

  • 24.03.2020

Елордада коронавирусқа қарсы құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорының жиыны өтті. Экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бастамасымен құрылған қордың қамқоршылар кеңесі құрылды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Қамқоршылар кеңесіне «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК төраға болса, орынбасары болып бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы қордың директоры Қанат ЖҰМАБАЕВ орынбасар болды. Сондай-ақ, кеңес құрамына билік партиясының сенат және мәжіліс депутаттары Нұртөре ЖҮСІП, Бақытқожа ІЗМҰХАМБЕТОВ кірді.

Қамқоршылар кеңесінің хатшысы – «Бас редакторлар клубының» президенті Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ.

«Birgemiz» қоры басқармасының төрағасы Руслан СӘКЕНОВТЫҢ айтуынша, барлық аймақтардан филиалы бар «Nur Otan» партиясының көмегі өте қажет.

«Бірінші жиынды «Nur Otan» партиясында өткізіп жатырмыз. Біз партияның мүмкіндігіне жүгінбекшіміз. Елбасының көмегімен қорға мол қаражат түсіп жатыр. Қалың бұқарамен жұмыс жасау үшін инфраструктура, ұйымдастырушылық тәжірбие керек. Ол партияда ғана бар», - деді Руслан Сәкенов.

Демеке қазіргі уақытқа дейін қорға түскен 40 млн АҚШ долларын әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға тарату үшін «Nur Otan» жәрдемдеспек.

Бауыржан Байбек қорға барынша көмек көрсететінін мәлімдеді. Бұл қор құрылмайынша президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастауымен жалпыреспубликалық «Біз біргеміз!» акциясы басталған болатын.

Фото: primeminister.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

Вице-премьердің інісі әкім болды

21.03.2020

«Nur Otan» партиясының Түркістанға сапары

27.02.2020

Келесі премьер кім? Байбек, Нығматулин, Бозымбаев...

12.01.2021

«Қатты ойланып» келе жатқан Ахметовті Тоқсейітов ауруханаға апарды

21.04.2021

Митинг түгілі "Қалаулымға" да шығармайды

25.01.2021

Дін тыныш жүр, митингіге шықпа дейді

28.09.2020
MalimBlocks
Вице-премьердің інісі әкім болды

«Nur Otan» партиясының Түркістанға сапары

Келесі премьер кім? Байбек, Нығматулин, Бозымбаев...

«Қатты ойланып» келе жатқан Ахметовті Тоқсейітов ауруханаға апарды

Митинг түгілі "Қалаулымға" да шығармайды

Дін тыныш жүр, митингіге шықпа дейді