Есірткі есіңді алады

Malim Админ

  • 30.03.2020

Неше заманнан бері адамзаттың бір күресіп келе жатқан жауы – апиын. Бұл біреуге қару, біреуге ауру, біреуге кәсіп. Зардабын шегетін – қарапайым халық. Оны өндіріп отырғандар, сататындар, саясаттарына пайдаланатындар бұл дүниеде зардап шекпейді. Зиянын қарапайым тасымалдаушылар мен есірткенің уына байланғандар көреді.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты психотроптық заттарды алып өтпек болған Грузия азаматын соттаған.

Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 286-бабының 4-бөлімі және 296-бабының 4-бөлімі бойынша кінәлі болып, 11,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қаржы мониторингі комитеті осы тұлғаның Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан үлкен көлемде заңсыз психотроптық заттарды, атап айтқанда метилендиоксиметамфетамин (МДМА, экстази) дәрісін өзінің жеке пайдалануы үшін алып өтпек болғанын анықтады. «Франкфурт-Мәскеу-Шымкент» әуе рейсіне тіркеу кезінде аталған азаматтың рәсемдеу үшін тапсырылған жүгінен заңсыз алты дана экстази дәрісі табылды» деп хабарлада министрлік.

Тәркіленген есірткі жойылып, Грузия азаматына қатысты сот үкімі күшіне енді.

Сотты болып, түрмеде жазасын өтеп жатса да есірткі шеккісі келгендер түрлі құйтырқылыққа баратыны белгілі ғой. Сондай жағдайдың бірі Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде болды. Бұл туралы облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Осы мекемеде жазасын өтеушіге танысы әкелген сәлем-сауқат алғашқыда ешқандай секем тудырмапты. Бірақ, белгіленген тәртіпке орай оны арнайы орнатылған рентген аппаратымен тексергенде  бәліш арасынан ерекше өткір иісті шөп шыққан.

Бұл оқиға жайлы жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды.

Сот-химиялық сараптама қорытындысы күдікті «сәлемдеменің» 30,25 грамм кептірілген марихуана екендігін анықтап берді.

Қазір осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Есірткі адамның есін алады. Бұған байланысты заңымызда да жазалар нақты жазылған. Азаматтар соны да біле жүрсе, қажет.

Қазақстан Республикасының Әкімшлілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 420, 421, 422 және 423-баптары есірткі заттарына қатысты.

420-бап «Жабайы сораны жоюға шара қолданбау», 421-бап «Құрамында есірткі бар егістіктерді күзетуді қамтамасыз етуге шаралар қолданбау», 422-бап «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау», 423-бап «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау» туралы.

Бұл баптар бойынша заңда әртүрлі айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.

Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен заңсыз іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тарауында жеті бап қарастырылған.

Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша 297-бабының 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу», 298-бабының 4-бөлігі ««Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу» және 299-бабының 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндіру».

Осындай іс-әрекеттермен айналысқан азаматтардың мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Фото: rg.ru

Байланысты жаналықтар

33 миллионға ПТР-тесттерді сатпақ болғандар ұсталды

08.07.2020

Төрт жыл бұрын бүкіл қазақ сілкінді

24.04.2020

Жамбыл облысындағы қуаңшылық: "Шабатын шөп жоқ"

01.07.2021

Қызылордалықтар блок-бекетке наразылыққа шықты

12.05.2020

Изолятордағы пышақталу: "Өз-өзіне қол салды дегеннің барлығы өтірік"

02.04.2021

Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады

02.04.2021
MalimBlocks
33 миллионға ПТР-тесттерді сатпақ болғандар ұсталды

Төрт жыл бұрын бүкіл қазақ сілкінді

Жамбыл облысындағы қуаңшылық: "Шабатын шөп жоқ"

Қызылордалықтар блок-бекетке наразылыққа шықты

Изолятордағы пышақталу: "Өз-өзіне қол салды дегеннің барлығы өтірік"

Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады