Қытайда тағы бір қауіпті вирус анықталды

  • 02.02.2020
  • Malim Админ

Аталған провинция коронавирустың ошағы Хубэй провинциясымен шекаралас. Құс тұмауы фермалардың бірінде тіркеліп, ондағы құстардың жартысынан астамы қырылған.

Құс тұмауы - А(H5N1) вирусынан туындайтын жұқпалы инфекциялық ауру. Ол қалтырау, температураның 38 градус Цельсияға дейін көтерілуі, бұлшық ет және бас аурулары, тамақтың ауыруы сынды белгілермен басталады. Сондай-ақ, жұқтырған адам бірнеше рет құсуы да мүмкін. Науқастың жағдайы тез нашарлайды. 2-3 күннен кейін ылғалды жөтел пайда болады, жиі қан кетіп, ентігеді. Содан кейін тыныс алу қиындап, бауыр, бүйрек және ми зақымдануы мүмкін. Құс тұмауы тез таралатын, өлім қаупі жоғары вирус. Дегенмен, әзірге құс тұмауының адамға жұққаны жайлы ақпарат жоқ.

Жалпы, ҚХР – қазір әлем елдері шошына көз тігіп отырған ел. 2019 жылдың соңғы күні ресми түрде мәлімделген 2019-nCoV коронавирусы Қытайда ғана емес, осы күні 23 мемлекетте тіркелген. 305 адам қайтыс болып, 14562 адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жұқпалы ауруды халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп таныды.

Айта кету керек, Құс тұмауының қатерлі түрі Қытайда бұған дейін де тіркеліп, бірнеше адам қайтыс болған.

Фото: cripo.com.ua

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлерге төтенше жағдайда қолдау  көрсетпек 

19.03.2020

Шалабеков жемқорлықпен ұсталды. Әубәкіров қайтпек?

14.09.2020

«Қымбатымыздан айрылдық»

17.08.2020

Үкімет ай қарап отыр ма: 187 мың науқастың көз жасы

29.07.2020

Биыл браконьерлер көп

30.07.2020

Жоқ коронатесті іздеген жүкті әйелдің зары

22.06.2020