Қызылордада мұғалім блок-бекетті не үшін күзетеді?

  • 17.04.2020
  • Malim Админ

Сайлау өткізетін - мұғалім. Әкімдер есебін тыңдайтын - мұғалім. Көше сыпыратын - мұғалім. Концерттерге билет алатын - мұғалім. Енді карантин кезінде блог-бекетті де мұғалім күзете бастады.

Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданына қарайтын Ақжарма ауылының алдындағы блок-бекетті күзету үш адамға міндеттеліпті. Бірі медицина саласының маманы, бірі полиция қызметкері, ал үшіншісі оқушыларды қашықтан оқытып жүрген  математика пәнінің мұғалімі. Олар шақырайған күн астында ауылды күзетіп, бекеттен ешкімді рұқсатсыз кіргізбейді және шығармайды. Жұмыстары қауырт.

Мұндағы полиция мен мейірбикенің жұмысы белгілі. Олар сол үшін жалақы алады. Ал ауылға келім-кетім адамдарды тексеріп, олардың дене қызуын бақылап тұратын жұмыс  мұғалімдерге не үшін қажет?  «Мәлім кз» сайтының тілшісі «күн астындағы күзетші»  ұстазбен тілдесіп көрді. Алайда, блок-пост күзеткен ұстаз аты-жөнін айтудан бас тартты.

«Мен ауылдағы мектепте матемитика пәнінен сабақ беремін. Бекетті күзетуге ерікті түрде келдім. Мені ешкім мәжбүрлеген жоқ»,- деп қысқа қайырды.

«Мәлім кз» сайты тілшісінің басқа да сұрақтары бар еді. Сырдария ауданы әкімі Руслан РҮСТЕМОВ «Педагог мәртебесі туралы» заңды білмегені ме? Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев та, бүгінгі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ та мұғалімдерді өз міндетіне жатпайтын жұмысқа шегуге болмайтынын ескерткен еді ғой. Әрине, әлемді әбігерге салған пандемия кезінде азаматтық позиция танытқан абзал. Бірақ қарапайым ұстаз коронавирусқа қарсы не істемек? Ұстаздардың міндеті қашықтықтан бала оқыту емес пе?

Ақжарма ауылындағы үш мыңдай тұрғынның арасынан  блок-бекеттегі кезекшілікке келетін жұмыссыз ерікті табылмағаны ма?

Біз білім басқармасына хабарластық. Олар  бұл мәселеге сол ауылдың немесе ауданның басшылары жауапты дейді. Сырдария ауданы әкімдігіндегілер мұғалімді еріксіз бекет күзеттіріп отырған ешкім жоқ деп жауап берді.

Фотолар автордікі.

Абай НҰРЖАНҰЛЫ.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Байланысты жаналықтар

Шымбұлақтағы экстремалдар сайысы

24.02.2020

Тоқаев: Қордай ауданының әкімі қызметінен алынсын

10.02.2020

Ахметов ардагерге бармай жатып, ақталды

05.05.2021

Бір түнде коронавирус індетін жұқтырған 41 адам анықталды

28.03.2020

«Гарант 24 Ломбард» халықты алдап кетті

19.02.2020

Бекшин Алматыда қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтты

15.03.2021