Карантин кезінде Тоқаев тапсырмасымен заң жобасы мақұлданды

Malim Админ

  • 22.04.2020

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасы мақұлданып, сенатқа жөнелтілді..

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасы Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасында партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квотаны қарастыру ұсынылады. Осы мақсатта, Сайлау туралы Конституциялық заңда әйелдер мен жастарға арналған квоталарды партиялық тізімге енгізу туралы талап қойылатын болады. Жалпы бүгінгі таңда әлемдегі басым бөлігі  әйелдер мен жастардың сайлау процесіне тең қол жетімділіне кепіл бру үшін қажетті кепілдік шаралар қабылдауда. Партиялық гендірлік квоталар европа елдерінде қолданылады.», - деді Әділет министрі Марат Бекетаев.

Министрдің айтуынша, Германия, Норвегия, Франция және Бельгияда кеңінен таралып, олар сайлау туралы заң деңгейінде бекітілген.

«Осыған орай, халықаралық тәжірибе аясында ұсынылып отырған жаңа нормалар әйелдерді елдің қоғамдық-саяси процестеріне белсенді тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атап өткендей, біз жастардың Парламентке және жергілікті өкілетті органдарына келуіне ықпал етуге тиіспіз. Осы бөліктегі заңнамалық түзетулер, қоғамдық-әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қабілетті жастарды да саясатқа белсенді тартуға мүмкіндік беретін болады», - деді министр.

Сұрақ қою рәсімінде сөз алған депутат Сәкен Қаныбеков әріптестер бұл жаңа заң жобасын қолдауға шақырды.

«Сарапшылардың заң жобасын жасаған қортындысын жастарға арналған квоталары заңнамалық тұрғыдан рәсімдеу саяси партиялардың кеңінен тармалған қазіргі заманға сай жаңа құбылыс болып табылады деп айтуға болады. Айталық мысалы біраз шет мемлекеттерде Швеция, Венгрия, Литвада квоталардың мөлшері жиырма пайызды құрайды. Шекті жастары 35-40 жасты құрайды. Осыған байланысты сізге сұрақ. Неге осы қаралып жатқан заң жобасында тек 29 жасқа дейін таңдап алынған? Және де 20-28 жастардың мәжіліс пен мәслихатқа тартуға тәжірбиелері жете ме?», - деп сұрақ қойды депутат Қаныбеков. 

Министр өз кезегінде бұл заңды даярлау барысында шетелдік тәжірбиені зерттегенін айтты.

«Әр елде әртүрлі екен. Мысалы көршілес Ресейде жас шектеуі отыз жасқа дейін. Біз мемлекеттік жастар саясатына орай депутат болатын жастар жасын белгіледік. Саяси партиялар өз қатарларына бұл заңға сәйкес жас лидерлерді тарта алады. Олар тәжірбиесі аз болса саяси ұйым қатарында біліктіліктерін артыра алады», - деді министр мырза. 

Сондай-ақ, министр Марат бекетаевқа депутаттар Жәмилә Нұрмамбетова, Мұрат Теміржанов, Балайым Кисебаева да өз сауалдарын қойды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин жастардың өмірлік тәжірбиесі аз болуы ықтимал. Бірақ олардың креативті, заманға сай идеяларының көп екенін айтып «Асыл – тастан, ақыл – жастан» деген қазақ мақалын еске алды. Және мәжіліс төрағасы бұл жаңа заң саяси партияларды сайлау кезінде кандидаттар қатарында міндетті түрде отыз пайыз жастар мен әйелдер  болу керек деп міндеттеп тастамайтынын жеткізді. Әр партия кандидаттар тізіміне тек жастарды я болмаса тек әйелдерді ғана  кіргізсе де өз еркі дейді.

Парламенттің төменгі палатасында қоғам тарапынан көп талқыланған "Саяси партиялар туралы" заң жобасы да қаралды. Бұл жаңа заң жобасында саяси партияларды тіркеу үшін партия мүшесі 40 мыңнан 20 мыңға дейін түскен. Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде "Саяси партиялар туралы" заң сан мәрте талқыланған. Соңғы президенттік сайлаудан кейін қоғамда партия құру инсативалары көптеп көтерілді.

 

Байланысты жаналықтар

Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

23.03.2024

Тоқаев Елтаңбаны өзгертуді ұсынды

15.03.2024

Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді

14.03.2024

Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

14.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына келді

11.03.2024

Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады

06.03.2024
MalimBlocks
Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

Тоқаев Елтаңбаны өзгертуді ұсынды

Президент Елтаңбаға қатысты сыни пікір көп екенін айтты.

Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді

Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, Қазақстанға қайтарылған.

Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына келді

Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады

Ержан Сәденов кезектен тыс аттестаттациялауға дайындық барысы айтты.