Тараз бен Қарағандыда террористік ұйым өкілдері ұсталды

  • 03.02.2020
  • Malim Админ

Қарағанды мен Тараз қалаларында терроризм жасамақ болып құрылған деген күдікпен бес діни ағым өңілін ұстады. Ұстау операциясы 27 қаңтарда жүргізілген. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі бүгін хабарлады.

«2020 жылы 27 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды мен Таразда лаңкестік күдігімен деструктивті діни ағымның бес ізбасарын ұстады, олар сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Олардың бәрі бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотты болғандар», - делінген ақпаратта.

Ұсталғандар адамдар көп жүретін жерлерде теракт жасамақ болған көрінеді. ҚР Қылмыстық кодекстінің 257-бабы, яғни "Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу", сондай-ақ 256-бап, яғни "Терроризмді насихаттау" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Деструктивті діни ағым өкілдерін тергеу ісі жүріп жатыр.

Фото: knb.gov.kz

Байланысты жаналықтар

Балақай, сен жалғыз емессің!

01.06.2020

Дүниеден дүркіреп Бейсен Құранбек өтті

18.05.2020

Карантин кезінде жұмысшылар құқығы қалай қорғалып жатыр?

24.03.2020

Қайрымды ауылдың азаматымен әңгіме

17.09.2020

Министр: «Биыл бір қаладан асатын үй салынады»

24.03.2020

 «HoReCa Қазақстан» Алматыда балмұздаққа дегустация өткізді

25.01.2021