Қар тазаламасаң айыппұл төлейсің

Malim Админ

  • 04.02.2020

Қарағанды облысында күн тәртібінен түспей тұрған басты мәселе - қар күреу болып отыр. Өңірдегі республикалық маңызы бар тас жолдардың қарын күреуге Түркістан облысынан қосымша көліктер жеткізіледі. Бұл туралы облыс әкімдігіндегі аппараттық жиналыста "ҚазАвтоЖол" АҚ ҰК облыстық филиалының басшылығы мәлімдеді. Бүгінде Қарағанды облысының қарын күреуге техника жетпей жағдай ушыға бастаған.

«Қысты күндері біздің өңірде 2 800 шақырым республикалық тас жолдардың қарын күреу қарастырылған. Қазіргі уақытта біздің қызмет тәулік бойы жұмыс атқаруда. Біз техника жетпей жатқан мәселені шешуге тырысудамыз. Жамбыл, Түркістан облыстарындағы "ҚазАвтоЖол" көліктерін осы өңірге алғызамыз. Осы өңірден ауыр техникалармен қоса көмекке механизатор мамандарды да шақыртамыз», - деп мәлімдеді "ҚазАвтоЖол" АҚ ҰК облыстық филиалының директоры Серік АЙДОС.

Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК өңірді қардан тазарту мәселесі қатаң қадағалауда болатынын айтады.

«Коммуналдық қызмет пен әкімдерге дайын болу керек. Техниканың барлығы жұмыс жасап жатыр, өңірдегі техникалар ешқайда кеткен жоқ. Басқа жаққа техникаларды жіберіпті деген сөз шыққан. Бұл негізсіз ақпарат», - деді Қасымбек.

Айта кету керек, соңғы бір айда Арқаның қысы тосын мінез танытып, биліктегілер мен коммуналдық қызметті тығырыққа тіреген. Боранның басылғанына үш-төрт күн өтсе де, қаланың іші-сыртындағы қар толық аршылмай жатыр. Өткен жұмада Теміртауға қарасты "Селхоз" ауылының тұрғындары «қардың астында қалдық, қаладан азық-түлік тасу үшін жол жоқ», деп әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған. Теміртау билігі жақында көмекке баратындарын айтқан болатын. Қарағанды облысында биыл осылай қар құрсауында қалып, бейнет кешкен ауылдар көп. Ал Қарағанды билігі тұрғын үй мен жеке меншік нысандар аумағындағы тиесілі жерді қардан тазартпаған тұрғындарға 30-40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салатындарын ескертіп жатыр.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

Фото автордікі.

Байланысты жаналықтар

"Өзгенің үйін тонау патриоттық емес"

12.02.2020

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтайтын ғылыми бағдарлама әзірленді

09.04.2021

Бекшин локдаун туралы сұраққа жауап берді

27.04.2021

«Партия съезіне полиция жібермей қойды»

21.02.2020

«Еңбектен» кәсіп тапқандар баршылық

22.08.2020

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЗДЕ МЕШІТТЕ ЖҰМА ЖӘНЕ БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОҚУҒА ҚАТЫСТЫ ПӘТУА

17.03.2020
MalimBlocks
"Өзгенің үйін тонау патриоттық емес"

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтайтын ғылыми бағдарлама әзірленді

Бекшин локдаун туралы сұраққа жауап берді

Алматыда мамыр айының соңына дейін эпидемиологиялық ахуал жақсаруы мүмкін. Бұл туралы бүгін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

«Партия съезіне полиция жібермей қойды»

«Еңбектен» кәсіп тапқандар баршылық

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЗДЕ МЕШІТТЕ ЖҰМА ЖӘНЕ БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОҚУҒА ҚАТЫСТЫ ПӘТУА