Кореядағы өрт: Құрылыста жүрген қазақстандықтар қаза болды

Malim Админ

  • 30.04.2020

Оңтүстік Кореяда орасан өрт болып, бірнеше адам қайтыс болған. Олардың ішінде қазақстандықтар да бар. Бұл туралы Malim.kz сайты СІМ-ге сілтеме жасап, хабарлайды.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртте қайтыс болған адамдар әлі толық анықталып болмаған.

«2020 жылдың 29 сәуірі күні Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында құрылыс алаңындағы логистикалық қойма өртеніп, 38 адам қайтыс болып, 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болған 38 адамның 29-ының аты-жөні белгілі болған, оның ішінде екеуі Қазақстан республикасының азаматы», - делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кету керек, Оңтүстік Корея – Қазақстан азаматтарының жұмыс іздеп көп баратын елдердің бірі. СІМ ресми өкілі ақпан айында ғана бұл мемлекетте 35 мың қазақстандықтың жүргенін, оның 12 мыңы заңсыз тұрып жатқанын айтқан.

Байланысты жаналықтар

Аймағамбетов не дейді, Қаринова не дейді?

02.04.2020

Еңбекші мигранттар енді еркін жүре алмайды

19.02.2020

BekAir апаты: жерді сатқан шенеунік ұсталды

20.02.2020

42 500: ЕЦҚ кілтін алу және онлайн өтініш беру (видео)

31.03.2020

Жаркент әжетханаға айналды

18.06.2020

Мұғалімдер үйде отырып жұмыс істейтін болды

16.03.2020
MalimBlocks
Аймағамбетов не дейді, Қаринова не дейді?

Еңбекші мигранттар енді еркін жүре алмайды

BekAir апаты: жерді сатқан шенеунік ұсталды

42 500: ЕЦҚ кілтін алу және онлайн өтініш беру (видео)

Жаркент әжетханаға айналды

Мұғалімдер үйде отырып жұмыс істейтін болды