Дариға Назарбаева. Қош бол, сенат қайта айналып келгенше...

Malim Админ

  • 02.05.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2 мамыр күні парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеті тоқтатылды. Ақорда сайтында Тоқаевтың тиісті жарлығы жарияланды. Бірақ, жарлықтың мәтіні Ақорда сайтына шықпаған. Тек хабары ғана тұр. Дегенмен, сенат депутаттығынан алынды дегені Сенат спикерлігі қызметінен де қош айтысты деген сөз.

Мемлекеттік билік басындағы екінші лауазымды қызметте отырған Дариға Назарбаеваның не үшін кеткені Ақорда сайтында хабарланбайды. Бір айта кетерлігі, Дариға Назарбаева сенат спикерлігіне былтыр Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына келген еді. Соңғы кездері Д.Назарбаева белсенділік танытып, баспасөзде көп көріне бастаған. Оның мемлекеттік атқарушы орындары мен ел экономикасына қатысты айтқан сындары әкесі Н.Назарбаевтың президент боп тұрған кездегі  кейбір бастамаларын, жұмысының нәтижесін жоққа  шығарып тастайтын.   Сондай-ақ, Д.Назарбаева бір ай бұрын Конституциялық кеңеске парламенттегі заң шығару құқығына қатысты түсіндірме сұраған еді. Оның бұл әрекеті саяси элитаға түсініксіз болып қалды. Бір қызығы, Назарбаеваның сұрағына Конституциялық кеңес жауап та берген жоқ.

 

 

Байланысты жаналықтар

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

16.04.2024

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

15.04.2024
MalimBlocks
Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған.

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Никол Пашинянға алғыс айтты.