Досым СӘТПАЕВ: Дариға Назарбаеваны сенаттан кетірген үш себеп

Malim Админ

  • 02.05.2020

Бүгін президент Тоқаев спикер Назарбаеваның депутаттық өкілеттілігін тоқтатып тастады. Еңбегіне бір ауыз рақметін твиттерде жазғаны болмаса, шапан жауып, шоқ гүл ұсынып, сенаторлар алдында мадақтап та шығарып салмады. Сенаттан спикерді не үшін қуғанын да түсіндіріп жазбады. Malim.kz тілшісі сол жағалауда не болып жатқанын  Тәуекелдерді бағалау тобының жетекшісі, саясаттауншы Досым Сәтпаевтан едел-жедел сұраған еді.

– Мұның үш себебі болуы мүмкін. Біріншісі – тұңғыш президент Н.Назарбаевқа әлдене болып қалды, сол себепті Тоқаев элита күштерінің балансын өзіне тарту әрекетін жасап жатыр. Екінші себеп – Д.Назарбаеваны Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевтың келісімімен алып тастады. Қызығы, былтыр Дариға Назарбаева сенат спикерлігінен кетсе, басқа қандай қызметке баруы мүмкін деген нәрселер талқыланды. Әзірге бұл сұрақ әуеде бос қалықтап қалды.  Яғни, Дариға Назарбаева сенат спикерлігінен кеткен соң, оған биліктен басқа қызмет берілсе, онда Дариға Назарбаева әлі де билікте саяси ойыншы ретінде қала бермек деген сөз. Үшінші себеп – элита ішінде күрес жүріп жатыр,  соның нәтижесінде бұрынғы президенттің қызын кетірді. Бірақ бұл жерде тағы да бұл бірінші президентпен келісілген дүние ме, әлде Тоқаевтың өзінің бастамасы ма деген сұрақ туындайды.

Бұл жерде сұрақ көп. Оның ең негізгісі – егер бұл элита ішіндегі күреспен байланысты болса, онда сенат спикерінің орнын кім басады? Сенат спикері ретінде кім келеді, ол қандай ойыншылармен байланысты, соған қарап-ақ көп нәрсе түсінікті болмақ. Соған қарап-ақ Тоқаев өз өкілетін күшейтіп жатыр ма, соны байқаймыз. Яғни сенат спикеріне Тоқаевпен байланысты емес, басқа біреудің адамы келсе, онда элита ішіндегі белгісіздік жалғаса бермек.

Қысқасы, жағымды сценарий бойынша,  Дариғаны кетіру Қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен келісілген болса, онда биліктен біржолата кетпейді. Бәлкім, парламентке қатысты немесе "Нұр Отаннан" қызмет берілсе, онда ол жаңа майданға көшті деген сөз. Ал енді жағымсыз сценарийге келсек, онда Тоқаев билікті қайта бөліп, өзіне лайықтап жатыр деген сөз.

Егер жағымсыз сценарий расқа айналса, онда элита ішінде  қақтығыс болуы мүмкін бе?

–  Өзбекстан мысалына қарасақ, президент билікті толықтай қолына алу үшін өзіне қауіп төндіретін ойыншылардан құтылды. Өзбекстанмен салыстырғанда, бізде ондай ойыншылар көп. Дегенмен саяси және бизнес элита үшін Тоқаев ыңғайлы тұлға, олар Тоқаев төңірегіне біріге алады. Оның үстіне оған үйреніп те қалды, Тоқаев легитимді емес сайлауда жеңсе де,  конституциялық статусы бар. Сондықтан Тоқаевтың барлық қарсылыстарын жеңіп шығатын мүмкіндігі бар. Ол үшін Тоқаев ең алдымен өзін қолдайтын бизнес және саяси элитаға арқа сүйеуі керек, екіншіден, төтенше жағдай кезінде халық назарын өзіне қалай бұрса, дәл солай әрекет ете беруі керек.

Егер жағымсыз сценарий расқа айналса, саяси және бизнес элита Тоқаев төңірегіне топтасуы мүмкін дедіңіз. Бірақ бизнес элитаның ішінде бұрынғы президенттің отбасы да бар ғой. Олар бұған көне ме?

– Бұрынғы президенттің отбасы монолитті ойыншы емес. Тура Ислам Каримовтың отбасы сияқты жік-жікке бөлініп кеткен, ауызбірлігі жоқ. Ондай жағдайда басқа ойыншылар мұны өз мүддесіне бұрады. Бірақ бұл жерде ең маңызды нәрсе, мұндай жағдайда күштік құрылымдар қалай әсер етеді, соған келіп тіреледі. Өйткені кез келген басшы үшін күштік құрылымдардың қолдауы маңызды.

Сұхбаттасқан Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ

СҰХБАТТЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ

фото: Forbes.kz сайтынан алынды

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

23.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

20.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

18.03.2024

Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

14.03.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады