«Ақтөбеде газ тапшылығын қолдан жасап отыр»

  • 04.02.2020
  • Malim Админ

Бүгін Ақтөбедегі он шақты газ бекеттерінің қожайындары бас көтерді. Айтуларынша  қалада сұйытылған газ тапшы. Бұны әлеуметтік газды бекеттерге тең бөлуге тиіс газ желілер ұйымдарының өздері қолдан жасап отыр. Кәсіпкерлер Ақтөбедегі жағдай осылай жалғаса беретін болса, сұйытылған газдың бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін деп отыр.

Қалада автокөлік газын сататын бекеттердің жартысынан көбінде сұйытылған газ жоқ, не болмаса тек талонмен ғана беріледі. Көгілдір отын іздеген жүргізушілер қаланы шарлап сабылуға мәжбүр.

«Газ жетпей жатыр. Бөлінген үкіметтің газ желілері бермей тұр. Ақпан айы басталғалы газсыз отырмыз», - дейді газ бекетінің басшысы Асан ТЕЛЕУҒОЖИН.

Сұйытылған газ сатумен айналысатын бекеттердің қожайындары бұрын әлеуметтік газды газ тасымалдаушы қауымдастығы тең бөліп беретін. Қазір олардың ұсынысымен комиссия мүлдем санаспайтын болды дейді. Сөздерінше қазір биліктегі шенділер газ желілері ұйымдарында. Сондықтан олар өздерінің қарамағындағы бекеттерге ғана бөліп беріп отыр екен.

«Мысалы, отыз күннің жиырма күнінде жұмысқа шықсақ соған тәубе дейміз. Жұмысшыларымызды амалдың жоқтығынан үйлеріне қайтарып жібереміз», - дейді тағы бір газ бекетінің басшысы Бәкен СӘНДІК.

Әкімдіктегілер болса әлеуметтік газды бөлуге араласа алмаймыз деп отыр.

«Қазір АГЗС жазып отырған арыздары бойынша сен мына АГЗС-ке бөл, сен мына АГЗС-ке бөл деп айта алмаймыз. Жеке бекеттердің арасында ондай заң бізде жоқ. Біз министрлікке осы әкімдік атынан хат ұсындық. Ортақ ереже орнатсын деп», -  дейді Ақтөбе облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұртай СЕРТАЕВ.

Қазір Ақтөбедегі автокөліктердің жартысынан көбі сұйытылған газбен  жүреді. Бұл аймаққа энергетика министрлігі айына не бары сегіз жарым мың тонна ғана  әлеуметтік газ бөліп отыр. Оның зауыттағы құны литріне 47 теңге болса, бекеттерде 60-64 теңгеден сатылады. Егер жауаптылар қолдан жасалған қазіргі тапшылықты жоймаса Ақтөбеде тағы да сұйытылған газдың бағасы қымбаттауы мүмкін дейді кәсіпкерлер.

Жанаргүл Ғафуқызы

Фото автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

 

 

Байланысты жаналықтар

Коронавирустан қайтыс болғандар 60-тан асты

10.06.2020

Шымкенттен шырын шықпақ

21.04.2021

Тоқаев төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

11.05.2020

Ауа-райы қолайсыз. Алматы облысында жол жабылды

21.12.2020

"Дәрігерлер еміне сын көзбен қараңдар"

26.07.2020

Таулы Қарабақтағы соғыс пен ақпараттық майдандағы тартыс

27.09.2020