Педагог мәртебесі карантинде қалай қорғалып жатыр?

Malim Админ

  • 25.04.2020

Қазақстан мектептері коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан оқыту жүйесіне көшсе де, "Педагог мәртебесі туралы" заңның сақталуы қатаң бақылауға алынған. Әр облыс пен қаладағы білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшалары, жергілікті атқарушы биліктің сайттары мен әлеуметтік желілерін сүзгіден өткізіп, ұстаздардан түсетін өтініш-шағымдарды бақылауға алған. Сондай-ақ білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің арнайы call-орталықтары жұмыс істеп тұр. Оған құқығы бұзылған кез келген мұғалім хабарласып, шағымдана алады. Бұл мониторингтің мақсаты – "Педагог мәртебесі" туралы заңның орындалуын қадағалау.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мониторинг кезінде өткен сабақтар бойынша есеп талап ету, мерзімді басылымдарға күштеп жаздыру фактілерін анықталған. Сондай-ақ педагогтардың басқа да құқықтары бұзылып жатқаны анықталды. Карантин кезінде мұғалімдерді қалаға кіріп шығуға рұқсат беретін құжаттарды беруге тарту тәрізді шағымдар келіп түсіпті. Мониторинг білім беру ұйымдарының кейбір жетекшілері "Педагог мәртебесі туралы" заңы бойынша мұғалімнен есеп беру мен заңда көрсетілмеген ақпаратты талап етуге тыйым салынғанын білмейтін болып шыққанын көрсетті.

Асылы, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімдерден ееп талап етуге тыйым салған. Сонымен қатар бұл кезеңде педагогтардың жұмыстарын тексеруге де қатаң тыйым салынған. Білім беру саласында сапаны бақылау департаменттері бұған мониторинг жүргізіп отырғаны да сондықтан.

Заңға қайшы әрекеттер орын алған жағдайда мұғалімдер өздерінің облысы немесе қаласына қарасты білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне хабарласа алады.

Былтыр желтқсанда қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" заң бойынша, мұғалімдерге өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасалады. Ал педагогті кәсіби міндетіне байланысты емес жұмыс түріне тартуға, заңнамада көзделмеген есептілікті не ақпаратты ұсынуды талап етуге, тауарлар мен көрсетілген қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді. "Педагог мәртебесі туралы" заңның 6-бабының 2-тармағының талаптары осындай. Ал бұл тармақтағы талаптарды бұзғандар жауапқа тартылады. Мысалы, ұстаздарды кәсіби міндетіне байланысты емес жұмыс түріне тарту немесе заңнамада көрсетілмеген есептілікті талап ету үшін 20 айлық есептік көрсеткіштен (55 560 теңге)120 айлық есептік көрсеткішке  (333 360 теңге) дейін айыппұл салынады. Астын сызып айтатын нәрсе, педагогтың ар-намысы мн қаідір-қасиетін қорғауға да заңның бір тармағы арналған. Егер жеке тұлғалар мұғалімге тіл тигізсе, 30 айлық есептік көрсеткіш (83 340 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бұл бапты екінші мәрте бұзғандарға 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (111 120 теңге) айыппұл салынады.

Әлбетте, ұстаздар қауымын қорғау бұл шаралармен ғана шектелмейді. Заңда педагогтың материалдық қамтамасыз етілуі мен көтермелеуге құқығы бөлек баптарда жазылған. Бұдан бөлек аладағы төрт жылдың ішінде ұстаздардың айлығы екі есе өседі. Үкімет мұғалімдердің айлығын 500-550 мың теңгеге өсіруді жоспарлап жатыр. Оның үстіне қазірдің өзінде сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексеру, менторлық тәрізді міндеттер үшін мұғалімдер айлығына 25 пайыздық үстемақы қосылған. Бұл үстемақы қашықтан оқыту кезінде де сақталды.

Фото: inform.kz

Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы