457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Заңмен Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Еңбек және Бюджет кодекстеріне, сондай-ақ 9 заңға түзетулер енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заңмен ЕҚТА жерлерін өзге санаттағы жерлерге ауыстыру негіздері қайта қаралды.

Түзетулердің екінші блогы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЕҚТА аумақтарында қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алуға бағытталған.

Үшінші блок Астана қаласының «жасыл белдеуін» қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

Түзетулердің төртінші блогы көміртекті офсеттердің мәселелерін реттейді.

Заң Орман кодексі ережелерінің қолданылуы жаңа орман екпелерін отырғызу, сондай-ақ тозған және бұзылған жерлерді қалпына келтіру арқылы парниктік газдарды сіңіруге бағытталған мемлекеттік орман қоры жерлерінде сатылатын көміртекті офсеттерді сату жөніндегі қызметке таратылды.

Түзетулердің бесінші блогы ЕҚТА саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Түзетулердің алтыншы блогы бизнес субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру жүйесін енгізуді көздейді. Кепілдік беру жүйесінің мақсаты – кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктерден кредиттер алу үшін олардың кепілмен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болған кезде қажетті қаржыландыру көлемінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Фото: Ақорда