457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Павел Дуров Қазақстанда заң бұзған видеосын жариялады

Ол Алматы облысындағы Көлсай көлінің мұздай суына шомылған сәтін видеоға түсірген

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көлінің мұздай суына шомылған сәтін видеоға түсіріп, оны өзінің Telegram-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеода Дуров суға түсіп шыққаннан кейін «Керемет шомылдым» деген қысқаша жазба қалдырған.

Алайда бұл әрекет Қазақстан заңнамасын және ұлттық парк ережелерін бұзу болып саналады. Себебі Көлсай көлдерінде шомылуға қатаң тыйым салынған. Бұл талап туристік маршруттың ресми төлқұжатында да нақты көрсетілген.

Осы оқиғадан кейін "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің әкімшілігі қызметтік тергеу бастағанын хабарлады.

«Көлсай көлдерінде шомылуға қатаң тыйым салынады. Бұл ереже бұзылғандықтан, жауапты қызметкерлерге қатысты тәртіптік шара қолданылады», — делінген парк мәлімдемесінде.

Парк басшылығы туристік нысанда бақылауды күшейтуді және мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеуді уәде етті.

Фото: t.me/durov