Аятолла Хаменеи: Иран жеңіске жетті

Израильмен болған соғыстан кейін алғаш рет жария мәлімдеме жасаған Иранның рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи бұл қақтығыста елінің жеңіске жеткенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.
26 маусым күні мемлекеттік телеарнадан таратылған видеоүндеуінде Хаменеи АҚШ-ты соғысқа тікелей араласты деп айыптады және Вашингтон ешқандай жетістікке жетпегенін мәлімдеді.
Оның пікірінше, Дональд Трамп "көпшіліктің алдында спектакль қойған", ал АҚШ Израильдің толық жойылып кетуінен қауіптеніп, соғысқа араласуға мәжбүр болған.
«Ислам Республикасы бұл шайқаста жеңіске жетті және Америкаға ауыр соққы берді», – деді аятолла.
Хаменеи Иран ешқашан тізе бүкпейтінін де қадап айтты. Егер АҚШ тарапынан әскери қимылдар қайта жалғасса, америкалық әскери базаларға жаңа шабуыл жасалатынын ескертті.
Айта кетейік, аятолла әскери қақтығыс басталғалы бері алғаш рет осылай тікелей үндеу жасады. Оның соңғы бейнежолдауы 19 маусымда эфирге шыққан болатын.
Фото: farsi.khamenei.ir


Ең көп оқылған
