Алматы облысында халық санының өсімі қалыпты деңгейде

Malim Админ

  • 02.04.2020

Жыл басында Қазақстан бойынша қала халқының саны 58 пайыздан асқанын, соңғы жылдары урбанизациялану процесі жүріп жатқанын айтқанбыз. Дегенмен, бұл еліміздегі ең ірі үш мегаполис – Елорда, Алматы, Шымкент қалаларының есебінен екенін түсіну керек. Шымкенттің халық саны миллионнан енді асты демесеңіз, қалған екі қаланың халық саны  2019 жылдың есебі бойынша астанада 1 121 809 адам, оңтүстік астанада 1 897 143 адамға жетіп жығылған. Демек, 4 миллионнан астам қазақстандық осы үш қаланың есебінен қалалық болып тұр.

Ал, облыс орталықтарындағы жағдай басқашалау. Көпшілік облыс орталықтарындағы халық саны 200 мыңға жетпейді. Мәселен, Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласының тұрғын саны 170 мыңның төңірегінде. Ал, облыс – халық саны бойынша Республика дейгейінде бірінші орында тұр. Жалпы бұл облыс 2 миллионыншы тұрғынының туғанын 2017 жылдың наурыз айында сүйіншілеген. 2019 жылдың аяғындағы соңғы көрсеткіш бойынша облыс тұрғындарының саны 2 миллион 59 мың адамды құраған. Әрине, кез келген облыс пен қаланың саны әр он жыл сайын нақтыланатынын ескерсек, бұл көрсеткіш бұдан әлдеқайда көп болуы да мүмкін.

Енді, жоғарыдағы сөзімізге орай аздаған статистикалық мәліметтерге жүгінсек. Осы аталған 2 миллионнан астам адамның 78 пайызы ауылдық жерде тұрады. Ал, қалған 22 пайызы – қалалық. Жалпы, Алматы облысының шығыс жағы тәуелсіздік жылдарындағы дағдарыста Алматы қаласының айналасына қарай көп ауып кеткенін білеміз, сондықтан, облыс орталығы Талдықорған қаласындағы халықтың шоғырлана бастауы – соңғы 10-15 жылдың еншісіне тиеді. Ал, облыстың негізгі тіршілігі ауыл шаруашылығы екенін ескерсек, көпшілік жұрттың ауылдық жерде тұратыны да түсінікті. Пайызды нақты санға айналдырсақ, 1 миллион 600 мың жетісулықтар ауылда тіршілік етсе, қалған 450,9 мың адам облыстағы үлкенді-кішілі қалаларда тұрады.

2019 жылғы облыстағы демографиялық жағдайға көз салсақ, қалыпты деңгейде екенін байқаймыз. 9 ай ішінде облыста 37 781 сәби өмірге келсе, 10 020 адам қайтыс болған. Яғни, облыс бойынша 1000 адамға шаққандағы көрсеткіш 18,4 адамға көбейген. Осы тұста айта кетерлігі, 2019 жылы 2018 жылғыға қарағанда сәл де болса азайыпты.

Халық санына ішкі-сыртқы көші-қонның да ісер ететінін ескерер болсақ, Алматы облысының табиғи өсімі осы көші-қон есебінен ұтылып тұрғанын байқар едік. Қараңыз, 2019 жылы Жетісу өңіріне 83 301 адам көшіп келсе, 99 090 адам көшіп кеткен. 16 мыңға жуық адам көші-қон есебінен азайған деуге болады. Көшіп кетушілердің дені (83%) ТМД елдеріне кеткенін ескерсек, бұлардың көпшілігі өздерінің тарихи отанына көшіп кеткен этнос өкілдері екенін байқауға болады. Ал, ТМД аумағынан осы өңірге көшіп келгендердің пайыздық көрсеткіші – 67,4 пайыз. яғни 83 301 адамның 56 144-і ТМД-дан келген.

Бірақ, түгін тартса майы шығатын Жетісуға ішкі миграция бойынша көшіп келушілер көп болып шықты. 2019 жылы республиканың басқа өңірлерінен көшіп келгендер саны 14,5 пайызға артқан. Облыс тұрғындарының жартысынан көбі (1 миллион 200 мың адам) Алматы қаласының маңында тұратынын ескерсек, көшіп келушілердің басым бөлігі де осы мегаполис айналасындағы аудандарға көшіп келген.

Сонымен қатар, бұл аймаққа шетелден уақытша келушілер қатары да артып келе жатқанын айта кету керек. Олардың арасында миграция тәртібін бұзған азаматтар да жоқ емес. Олардың ең көбі – Өзбекстан азаматтары. Мәселен, «Құқық тәртібі» арнайы операциясы нәтижесінде құжаты жоқ немесе дұрыс емес 29 һхбекстандық, 8 Эфиопия мен Сомали елінің азаматтары, 2 түркиялық ұсталған. Визв ережесін бұзған 9,5 мың шетелдік анықталған.

Дегенмен, біз бір облысты ғана мысалға келтірдік. Ең үлкен мегаполспен көрші орналасқан және тұрғынының жартысынан көбі сол мегаполис айналасында тұратын Алматы облысындағы көрсеткіш басқа облыстардан бөлек болуы мүмкін. Мәселен, 1 379 061 тұрғыны бар Қарағанды облысының миллионға жуық тұрғыны үлкенді-кішілі қалаларда тұрады. Оның 500 мыңға жуығы облыс орталығының тұрғыны есептеледі. Демек, біз негізінен мысал еткен Алматы облысының тұрғындарының қала мен ауылдық дерлерге шаққандағы пайыздық ара қатынасы мен өзге облыстардың көрсеткіші ұқсамайтыны анық. Оның үстіне, тіркеусіз ары-бері көшіп дүрген азаматтар да аз емес. Демек, бұл еліміздегі ауыл мен қала тұрғындарының пайыздық айырмашылығын анықтауда ескеретін факторлар көп деген сөз. Оны не де болса, жалпыұлттық халық санағында білетін боламыз.

Байланысты жаналықтар

Коронавирус Алматы облысына жетті

21.03.2020

Уәдесін орындамаған Цой отставкаға кете ме?

05.05.2021

Дәрігер Тоқаевқа: Мәжілісті таратып жіберіңіз

02.06.2020

Харари: Пандемиямен күрес - адам құқықтарын шектеудің басы

28.03.2020

Бетперде тағу коронавирустық инфекцияның таралуын азайтады

05.11.2020

Сот ашық диалогқа дайын болу керек

25.08.2021
MalimBlocks
Коронавирус Алматы облысына жетті

Уәдесін орындамаған Цой отставкаға кете ме?

Дәрігер Тоқаевқа: Мәжілісті таратып жіберіңіз

Харари: Пандемиямен күрес - адам құқықтарын шектеудің басы

Бетперде тағу коронавирустық инфекцияның таралуын азайтады

Сот ашық диалогқа дайын болу керек