Министр Ермекбаев отставкаға кете ме?

  • 05.02.2020
  • Malim Админ

Кешеден бері Qaznet «жұлдыздарына» әскерилер айналып жатыр. Шені жоғары сардарлар.

Бүгін Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің БҚО-ғы департамент қызметкерлері «ҚР қорғаныс министрлігінің БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментің» РММ басшысын ұстады.

Полковник Марат ЕСЕНОВТЫ ұстау операциясына қорғаныс министрлігінің өкілдері де қатысқан. Күдікті қазір Орал қаласындағы уақытша тергеу абақтысында. Жергілікті «Уральская Неделя» басылымын жазуынша, 200 мың теңге пара алуы ықтимал.

Кеше Алик ШПЕКБАЕВ басқаратын агенттік Қорғаныс министрліндегі тағы бір сардарды ұстаған еді. Генерал-майор Қайрат КӨПБАЕВ ұнемі пара алып жүрген деген айыпқа ілікті. Қорғаныс министрлігінің кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы өзіне тағылған айыптты мойныдап та тастады. Және үй қамаққа алынды.

2019 жылдың 20 мамыр күні үкімет мүшелерімен жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша жиын өткен. Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ парамен ұсталған шенеуніктердің басшылары қыметтен кету керектігін айтқан.

«Жыл сайын елде 2 мың жемқорлық қылмысы тіркелді. Орта есеппен мың адам жауапқа тартылады. Барлығымыз осы әлеуметтік дертпен күресуіміз керек. Егер қол астындағы жұмысшысы парамен ұсталса, мемлекеттік органдардың басшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс», - деген еді мемлекет басшысы.

Екі күнде бір генерал мен бір полковнигі ұсталған қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВТЫҢ жағдайы қалай болмақ? Экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ сыйлаған генерал погонын шешіп, бас қолбасшы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТАН отставкаға жіберуді сұрай ма екен...

Фото: sputniknews.kz

Байланысты жаналықтар

Алматыда күніне 400 адам ауруханаға түседі

27.07.2021

Шахаров, шық! Аналарды алдама!

29.10.2020

«Қарасора» операциясы қалай өтіп жатыр?

19.08.2020

Ауа-райы қолайсыз. Алматы облысында жол жабылды

21.12.2020

Қазақстанда бірде-бір мұнай-химия зауыты жоқ!

25.11.2020

Солтүстікте қоныс аударушыларға 714 үй салынады

24.03.2020