Тоқаев төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Malim Админ

  • 11.05.2020

Қазақстанда коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай уақытының аяқталуына (16.03.2020-11.05.2020) байланысты президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ мәлімдеме жасады. Оның ауынша төтенше жағдай уақыты аяқталғанмен, Қазақстан бойынша карантин режимі сақталатынын айтты. Бұл туралы Malim.kz сайты президенттің баспасөз хатшысы Берік УӘЛИГЕ сілтеме жасап хабарлайды.

Уәли өзінің Facebook-тағы ресми парақшасында Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында пандемияның қаупі әлі де сейілмегенін айтқанын хабарлады.

"Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр.Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады" – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында», деп жазды Уәли.

Айта кетейік, төтенше жағдай 2 рет ұзартылды. Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – 5126; жазылып шыққандар – 1941; қайтыс болғандар – 31 адам.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks