Темекі коронавирустан қорғай ма, асқындыра ма?

Malim Админ

  • 12.05.2020

Коронавирус туралы дақпырт көп. Соның бірі – темекінің коронавирустан қорғайтыны. Әрине, бұл болжам ғана болса да, вирус сонау Қытайда пайда болғаннан бастап, бейресми статистикалық мәліметтер – коронавирус жұқтырғандардың арасында темекі шегетіндердің аз екендігін айтып келген. Тіпті, француз ғалымдары коронавируспен ауырғандар арасында темекі шегетіндердің аз екенін айтып, оны әлемдік БАҚ іліп әкетті.

Мәселен, статистика бойынша Францияның 25,4% тұрғыны темекі тартатын болса, француздар сұрау салған 11 мың науқастың тек 8,5%-ы ғана темекі тартатыны анықталған. Пайыздық айырмашылық расында үлкен.

Мүндай болжам француздар болжамай тұрып та жұрт арасында жүргенін ескерсек, коронавирустан қорғанудың бір жолы – темекі шегу деген түсінік қалыптасуы мүмкін ғой. Бірақ, Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымы мұнымен келіспейді. ДДҰ  өкілінің айтуынша, бұл вирус тыныс алу жолдарының ауруы болғандықтан, оны темекімен емдеу ақылға қонымсыз. ДДҰ төтенше аурулар бөлімшесінің басшысы Мария Ван Керкхове брифингте журналистердің қойған сұрағына жауап беріп, темекінің өзінен ғана жылына миллиондаған адамның қайтыс болатынын алға тартты.

«COVID-19 –тыныс алу жолдарының ауруы, ал темекі – өкпенің жұмысына зиян келтіреді. Жарияланған бірқатар зерттеулер темекі шегу – аурудың (коронавирус инфекциясының) әлдеқайда ауыр формасына әкеліп соғады, - деді ол.

Сарапшы, сонымен бірге, ауруханаға жатқызылғанжар арасында темекі шегетіндердің аз екендігіне де сенбеуге шақырды. Оның сөзінше, бұл нақты зерттелмеген, дәлелсіз болжам ғана. Ғылыми негізі жоқ.

Ол сондай-ақ, мұның артында осы салаға (темекі бизнесі) қатысы бар адамдар тұруы да мүмкін екенін айтты. Әлдебір көлденең сөзді темекі тартатындар іліп әкетіп, жақпыртқа айналдырып жіберген көрінеді...

 

Байланысты жаналықтар

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Маймыл шешегі пандемия деп танылды

24.06.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

20.12.2021

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

14.12.2021
MalimBlocks
Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Маймыл шешегі пандемия деп танылды

Инфекцияны жұқтыру жағдайлары 58 елде анықталды

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой