Белсенділер 6 триллион теңгенің есебін сұрап жатыр

Malim Админ

  • 13.05.2020

Еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялап, коронавируспен күреске бөлінген 6 триллион теңгенің қалай жұмсалғаны жөнінде ашық есеп беруді  сұрады.

31 үкіметтік емес ұйымның өкілдері қол қойған үндеуде "мемлекет бюджеті мен ұлттық қордан бөлініп жатқан қаржы мен барлық шаралардың айқындылығы мен есептілігі маңызды екені" айтылады. "Коронавирус пандемиясы экономика мен қоғамға зиянын тигізіп қана қоймай, жемқорлық пен бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсауға жол ашып отыр. Бұл қабылданып жатқан шаралардың дұрыстығы мен мемлекеттік институттарға қоғам сенімсіздігін арттыруға әкеледі", - делінген үндеуде.

Азаматтық қоғам өкілдері ақшаның жұмсалуы барлық деңгейде ашық және айқын болуы үшін мына шаралар қолға алынуы керек деп есептейді: "Мемлекеттік комиссия бөлінген қаржы бойынша барлық ақпаратты жинап, жариялауы керек; Коронавируспен күреске бөлінген қаржының негізділігі мен қажеттікке сай екені туралы барлық көмек алушы қамтылған жан-жақты есеп әзірлеп, жариялау; Есепті парламентте қарап, барлық материалды мемлекеттік органдардың сайтында жариялау; Орталық және жергілікті деңгейде қабылданатын шешімдер мен бюджет қаржысын жарату процесін азаматтық қоғам өкілдерінің бақылауын қамтамасыз ету; Тапсырыс берушілердің төтенше жағдай кезінде жасаған барлық мемлекеттік сатып алулары қаншалықты негізді болғанын қоғам алдында ашық түсіндіруін қамтамасыз ету; Коронавируспен күрес туралы ақпарат тарататын БАҚ, ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақпаратқа қол жеткізу мен сөз бостандығы құқығын, осы мақсатта мемлекеттен қаржы бөлінуін қамтамасыз ету".

Үндеуге Шолпан Айтенова, Жанар Жандосова, Евгений Жовтис, Ирина Медникова, Диана Окремова, Қасымхан Қаппаров, Әсия Төлесова, Данил Бектұрғанов және тағы басқа ондаған үкіметтік емес ұйымның өкілдері қол қойған.

Хатқа қол қоюшылардың бірі, Zertteu Research Institute қоғамдық қорының өкілі Ғалымжан ОРАЗЫМБЕТ мемлекеттік органдар короанвируспен күреске қанша ақша жұмсағаны жөніндегі ақпарат ашық болуы керек дейді. Әйтпегенде, қоғамның мемлекеттік органдарға сенімі төмендейді.

"6 триллион теңге қайда жұмсалып жатыр, неге сонша көп қаржы бөлінді деген тақырып әлеуметтік желіде көп талқыланды. Басқа елдермен салыстыру көбейіп кетті. Өзбекстан коронавируспен күреске 700 миллион оллар жұмсапты, бізде бұл  – 14 миллиард доллар. Zertteu Research Institute жетекшісі Шолпан Айтенова осы ақпараттың бәрін оқып көрген соң, осындай үндеу жарияласақ деген бастама көтерді. Басқа үкіметтік емес ұйымдардардағы әріптестерімізбен ақылдасып, кешегі үндеуді жарияладық", - деді Ғ.Оразымбет.

"Егер ақшаның қалай жұмсалғаны жөнінде мәлімет ашық болмаса, қоғамның ммелекеттік институттарға сенімі төмендейді. Бір жағынан бұл негізсіз емес. Бізде жемқорлықтың қатты асқынып кеткенінен. Ақша бөлінсе, оның бір бөлігі міндетті түрде ұрланады, желінеді деген көзқарас орнығып қалған. Сондықтан ашықтық мемлекеттік органдарға сенімнің артуына ықпал етеді", - дейді Ғ.Оразымбет.

Zertteu Research Institute бір айдан бері әлеуметтік желідегі парақшасында мемлекеттік сатып алулар порталындағы коронавируспен күреске жұмсалып жатқан ақшаны бақылап, негізсіз шығындарды анықтаған.

"Біз анықтаған деректер өте көп. Мемлекеттік органдар реакция тудырған нақты мысалдарға тоқталсам, жақында Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы медициналық маска сатып алған. Бұл өнімді беруші бас қаладағы гүл шоқтарын жеткізетін компания болып шықты. Яғни медицина саласына түк қатысы жоқ. Осы мәліметті  жариялағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкері жазбаның астына "мұны назарға алдық, компания медицина саласына маманданбаған және шығыны негізсіз болғандықтан келісімшартты бұздық" деген пікір қалдырды. Ал екінші жағдай кеше болды. Алматы қаласының полиция департаменті қорғаныс костюмінің бір жиынтығын 250 мың теңгеге сатып алған. Келісімшарттың жалпы сомасы 125 миллион теңге. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көп адам бөлісті. Кеше келісімшарттың бұзылғаны хабарланды", - деді Ғ.Оразымбет.

Бірақ негізсіз шығын анықталса да, реакция білдірмейтін мемлекеттік органдар бар. Zertteu Research Institute әділет министрлігінің сот сараптама орталығы бір тепловизорды 199 мың теңгеге сатып алғанын анықтапты. Тепловизордың техникалық сипаттамасына сай келетін дәл осы өнім Украинадағы компанияның сайтында 7,5 мың теңге болып шыққан. "Мемлекеттік сатып алулар аясында негізсіз, бағасын еселеп алып жатқан тауарлар көп", - дейді Ғ.Оразымбет.

Бұл – мемлекеттік сатып алулар порталын сүзіп шыққан бір ғана үкіметтік емес ұйымның анықтаған деректері. Ал бюджеттен бөлінген 6 триллион теңгенің қалай жұмсалғаны жөніндегі ашық ақпарат жоқ.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024

«Алдағы 10 күн ең қауіпті болады»: Тоқаев су тасқыны туралы айтты

16.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.

«Алдағы 10 күн ең қауіпті болады»: Тоқаев су тасқыны туралы айтты

Бірақ біз еліміз бойынша апат салдарын жою шараларын қабылдап жатырмыз.