"Кене тастай жабысып, малымызды қырып бара жатыр"

Malim Админ

  • 17.05.2020

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында төрт-түлікті кене қырып жатыр. Қоғам белсендісі Айболат Букеновтің фейсбук парақшасындағы жазбасына қарағанда қырылған мал көп.

"БҚО елді мекендерге су келмейді. Ол бір. Су келмеген соң шабындыққа да (өзен көлдерге су жоқ, шабындыққа қайдан болсын) су шықпайды. Не жауын жаумайды. Бұл - екі. Коронавирус деп тағы қысты. Бұл - үш.
Енді кене деген пәле шықты. Кене деген пәле ауыл адамдарының малын қырып бара жатыр. "Ауыл шаруашылығын дамытайық, екі сиыр алып отбасыңды асыраңдар", - деді Елбасы.
Алып та жатырмыз екі-үш сиырдан. Бірақ мына кене тастай жабысып алып малдарымызды қырып бара жатыр! Осы Кенемен күресуге үкімет бюджеттен қаржы бөлеме жалпы? Кім біледі? Бөлмесе ауылдағы қожалықтармен бірлесіп қаржы жинап, күрейсейік. Әйтпесе біткен жеріміз осы! Ауылда жұмыс жоқ. Ауыл халқы мал өсіріп күн көруде. Осыны қолға алып күреспесек ауылдан да айырылып қаламыз.
Маған бүгін Жаңақала халқынан бір емес бірнеше видео, фото келді. Соның үш төртеуін ғана салдым. Қой, сиыр, жылқыны құлындарымен бірге қыруда кене деген сұмырай жәндік.

Қазір күн салқын. Шыбын шіркей шықпады әлі күнге. Егер шыбын шықса құрттап барлық мал қырылады.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев мырза, осыған көңіл бөліп, бірдеңе жасау керек. Ел, мемлекеттің алтын тамыры - ауыл. Ауылды көтеретін болсақ, бірігіп жұмыс жасау керек. Үкімет қолдасын, қожалықтар да жиналып күресуге дайын деп ойлаймын.

Алтын тамыр ауылдан айырылсақ біткен жеріміз осы. Ауыл халқы үкіметтен қолдау сұрауда. Ауыл халқының Жанайқайын құлақтарыңа түріп, қолдайды деген ойдамын. Бұл кене тек Жаңақала емес, жалпы БҚО-дағы 12 аудандағы халықтың малын қырып жатқан болар", - деп жазды Айболат Букенов.

Байланысты жаналықтар

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

05.04.2024

АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі мысық туралы кітап жазды

04.04.2024
MalimBlocks
Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі мысық туралы кітап жазды

АҚШ президенті Джо Байденнің жұбайы Джилл Байден балаларға арнап «Уиллоу – Ақ үйдегі мысық» (Willow the White House Cat) атты кітап жазып шықты. Бұл туралы Америка дауысы агенттігі хабарлады.