42 500 алуға қайта өтініш беруге болады

Malim Админ

  • 25.05.2020

42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті ала алмағандар қайта өтініш бере алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай өтініштерді кезінде өтініш берген, бірақ, министрлік тарапы қабылдамаған азаматтар бере алады. Ол үшін жергілікті штабқа барып, қайта жазу керек.

«42 500 теңге» әлеуметтік төлемі тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді.

Бұрын «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерді қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет», делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік ұсынған тізім бойынша өтініш бере алатын, яғни, 42 500 теңгені алуға мүмкіндігі бар тұлғалар мыналар:

«Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.

Өз бетінше – әлеуметтік төлемді тағайындаудан  бас тарту (тоқтату) туралы  шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша жұмыс істейтін адамдар».

Бұл өтініштерді қарастыру жыл аяғына дейін созылатын сияқты. Өйткені, министрлік «адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатынын» айтып отыр.

Байланысты жаналықтар

Бекшиннің болжамы: Эпидемиологиялық ахуал нашарлайды

20.03.2021

Тоқаев төтенше жағдайда интернетті өшіре ала ма?

15.03.2020

Карантин: Енді сізді үйіңізде де бақылауда ұстайды

08.06.2020

Берілмейтін 42 500: Министр кедейлерді қалай алдады?

07.05.2020

Алматы кәсіпкерлері «адам сияқты жұмыс істеуге» мүмкіндік сұрайды

19.08.2021

Маска: Дәрігерлер тігеді, Сапарбаев суретке түседі

08.04.2020
MalimBlocks
Бекшиннің болжамы: Эпидемиологиялық ахуал нашарлайды

Тоқаев төтенше жағдайда интернетті өшіре ала ма?

Карантин: Енді сізді үйіңізде де бақылауда ұстайды

Берілмейтін 42 500: Министр кедейлерді қалай алдады?

Алматы кәсіпкерлері «адам сияқты жұмыс істеуге» мүмкіндік сұрайды

Алматылық кәсіпкерлер демалыс күнгі локдаун жағдайында бизнес белшеден шығынға батқанын айтып шағымдануда. Күн сайын өзгере беретін жаңа қаулы мен түрлі шектеулерден шаршаған кәсіпкерлер билік әрекет етпесе, наразылық шарасын өткізетінін айтты.

Маска: Дәрігерлер тігеді, Сапарбаев суретке түседі