Еліміздің әуежайларында маймыл шешегіне қарсы жаттығулар өтті

Оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі маймыл шешегі ауруы тартылды

Арман Қайыпхан

  • 21.08.2024

Инфекциялық ауруларға күдікті жолаушылар анықталған кезде іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Астана және Алматы халықаралық әуежайларында маймыл шешегі сияқты карантиндік және аса қауіпті инфекция белгілері бар адамдарды анықтауды қоса алғанда, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық бойынша оқу-жаттығулар өткізді.

Оқу-жаттығулар барлық негізгі қызметтердің: санитариялық-эпидемиологиялық, шекаралық, кедендік, сондай-ақ әуежай, желілік полиция бөлімі, әуежайдың медициналық пункті, жедел медициналық көмек және медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған.

Инфекциялық ауруларға күдікті жолаушылар анықталған кезде іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылады.

Оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі маймыл шешегі ауруы тартылды. Персонал жолаушыдан ауру белгілерін анықтаудан бастап оны ауруханаға жатқызуға және қажетті эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шараларды жүргізуге дейінгі іс-шаралардың толық циклінен өтті.

Жаттығу кезінде барлық қызметтер іс-қимылдың жоғары дәрежедегі дайындығы мен үйлесімділігін көрсетті, бұл олардың ықтимал қауіптерге ден қоюға дайын екендігін растайды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша семинар-кеңес өткізілді, онда әр қызметтің іс-қимылы талқыланып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша ұсыныстар берілді.

Фото: ДСМ

Байланысты жаналықтар

Астанада автобус отқа оранды

21.11.2024

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

17.11.2024

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

17.11.2024

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

17.11.2024

Сабындыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

17.11.2024
MalimBlocks
Астанада автобус отқа оранды

Өрттің себебі анықталуда

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Үй шатыры өрнетіп, шатыр құлаған

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

Өрт 500 шаршы метр жерді шарпыған

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

Өрт 500 шаршы метр жерді шарпыған

Сабындыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Ал жарылыстан үш адам қаза тапқан