Денсаулық сақтау министрлігі мектеп сөмкесінің салмағына қатысты нормаларды еске салды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға оқушы рюкзагының салмағына назар аудару ұсынылды.
Оқу құралдарының рюкзаксыз салмағы мынадай болуы тиіс:
- 1–3 сыныптар — 2 келіге дейін;
- 4–5 сыныптар — 2,5 келіге дейін;
- 6–7 сыныптар — 3,5 келіге дейін;
- 8–11 сыныптар — 4,5 келіге дейін.
Ал кітаптар мен басқа да оқу құралдарын қоса есептегендегі рюкзактың жалпы салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспауы керек. Мысалы, салмағы 30 келі оқушының сөмкесі 3 келіден ауыр болмауы тиіс.
Сондай-ақ бос рюкзактың салмағы 1 келіден аспауы және оның төменгі бөлігі баланың белінен төмен түспеуі қажет.
Ата-аналарға оқу жылы басталар алдында баланың сөмкесін өлшеп, күн сайын қажетсіз заттарды алып тастау ұсынылады. Бұл баланың дене қалпын сақтауға және омыртқаға түсетін артық салмақтың алдын алуға көмектеседі.