Damumed-ті қолданатын қазақстандықтар жүйеден бармаған дәрігерге барып, алмаған дәрілерін алып жүргенін көрген, деп хабарлайды 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасаған Malim.kz.
Қазақстандықтардың бірі – өзі бармаған дәрігердің қабылдауында болғанын көрген, енді бірі – медициналық картасынан бөтен адамның диагнозын байқаған.
Адамдарды тек бір сұрақ мазалайды: адамның өзі жасамаған медициналық жазба оның картасында қалай пайда болады?

“Тексеріп қате деректерді анықтаған жағдайда медициналық ұйымға барып, немесе Е-өтініш платформасы арқылы шағым-өтінім қалдыра алады. Бұның негізінде медициналық ұйым қателігін тауып, түсініп тиісті ақпараттық жүйеде өзгерістер жүргізеді. Шешімін таба алмаса сотқа жүгінуге де толық құқылы. Азаматтың медициналық мәліметтеріне заңсыз өзгеріс енгізген адам (дәрігер) жауап береді, заңдық нормаларға сәйкес”, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.
Еске салайық, Damumed-те азаматтың дәрігерге барғаны, тапсырған анализі, диагнозы мен тағайындалған дәрілері сияқты медициналық мәліметтер сақталады.