freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында кене шаққан адамдар көбейді

Денсаулық
Түркістан облысында кене шаққан адамдар көбейді
Pexels

Түркістан облысында жыл басынан бері Конго-Қырым геморрагиялық безгегі диагнозымен 8 адам ауруханаға түскен. Науқастардың арасында Өзбекстан азаматтары да бар, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті «Отырар» басылымының хабарлауынша, сырқаттанушылардың басым бөлігі инфекцияны төрт түлік малға күтім жасағанда жұқтырған.

«Ауру кенеден малға тарайды, одан барып малға күтім жасаған не мал сойған кезде адамға жұғады. Осы алты ай көлемінде тіркелген 8 жағдайдың 6-ауы малға күтім жасаған және малмен қарым-қатынаста болғанда жұққан. Тағы бір жағдайда ауласындағы шөпті орған кезде кене шағып, содан ауру жұқтырған», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов.

Сонымен қатар жыл басынан бері Түркістан өңірінде эпидемиолог мамандар 35 мыңнан астам сынама алып, 55 жағдайда кенелерден Конго-Қырым безгегінің қоздырғышын анықтаған. Қазіргі таңда аймақта залалсыздандыру және мониторингтік бақылау жұмыстары жалғасуда.

Еске салсақ, Түркістан облысы Конго-Қырым безгегі бойынша эндемиялық аймаққа жатады. Ресми деректерге сай, 2002 жылдан бері өңірде осы қауіпті дертті жұқтырудың 39 оқиғасы тіркелген. Өңірде әсіресе көктем-жаз айларында кене шағып, дәрігер көмегіне жүгінетін тұрғындардың қатары артады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу