"Саяси реформалар жүзеге асып жатыр"

Malim Админ

  • 25.05.2020

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина Мемлекет басшысы қол қойған «Саяси партиялар туралы» ҚР-ның Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қатысты пікір білдірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 20 желтоқсанында айтқан реформалары 2020 жылы белсенді жүзеге асырыла бастады және соған сай жедел әрі сапалы заң жобаларын әзірлеу талап етілді. Экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар халықтың кең ауқымының сұраныстары мен мүддесін көрсетіп отыр. Осы орайда әлеуметтік және саяси аспектілер бағытындағы реформалар мемлекеттік саясатты ырықтандыру процесін сапалы толықтыра түсуде», -деді ол.

Оның атап өтуінше, демократиялық қоғамды дамыту ең алдымен пікір ашықтығы мен алуандығын көздейді. Бұл ретте қазақстандық қоғамда азаматтық қоғамдық дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Оған үкіметтік емес ұйымдардың, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының көптігі дәлел бола алады.

«Осылайша, біздің қоғам ел Парламентінде болуы тиісті қуатты әрі беделді саяси азшылықты табиғи жолмен құру кезеңіне біртіндеп келе жатыр. Қазіргі уақытта саяси партиялар мен саяси қызметтің өзі бүкіл әлемде түбегейлі өзгеріске ұшырау үстінде. Соңғы жылдары саяси конъюнктураның және қоғамдық даму трендтерінің ақпараттық-коммуникациялық кеңістік аясында өзгеріске ұшырауы партиялық құрылым форматын өзгерту, оның ішінде идеологиялық платформаны жаңғырту, партияның электораттармен өзара іс-қимыл форматын өзгерту, қаржыландырудың өзге көздерін іздеу қажеттілігіне байланысты бола түсті», - деді сарапшы.

Бөлім басшысының атап өтуінше, бүгінде Қазақсандағы әрбір саяси партия жақтастары қатарын арттыру бағытында жұмысты күшейте түсуде. Ал бұл ретте саяси партиялардың мемлекеттік тіркеуден өтуі үшін шекті деңгейді 20 мың мүшеге дейін төмендетуі саяси партиялардың ресурстық базасын кеңейте түседі, саяси партиялардың қалыптасуына жағдай жасайды. Мұнан бөлек, қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттыра түседі.

Дереккөз: kazinform.kz

Байланысты жаналықтар

Коронавирус Алматы облысына жетті

21.03.2020

Қырғызстан Қазақстанды айыптап жатыр

10.06.2020

"Мәлім" сауалнамасы: Қанша адам вакцина салдырмақ?

01.02.2021

Құтқарушылар Тобыл өзені жағалауларын жіті қадағалайды

22.07.2021

Ғылымды қаржыландыру артады

15.03.2021

Бір түнде коронавирус індетін жұқтырған 41 адам анықталды

28.03.2020
MalimBlocks
Коронавирус Алматы облысына жетті

Қырғызстан Қазақстанды айыптап жатыр

"Мәлім" сауалнамасы: Қанша адам вакцина салдырмақ?

Құтқарушылар Тобыл өзені жағалауларын жіті қадағалайды

Ғылымды қаржыландыру артады

Бір түнде коронавирус індетін жұқтырған 41 адам анықталды