Қисық ой: Шенеуніктерге халықты тірідей көрсеткен апатқа алғыс айтқың келеді

Руслан ЕРБОТА

  • 26.05.2020

Кейде шенеуніктерге бекер ренжиміз. Тасбауыр, қатыгез, құлқыны мен қалтасынан басқаны ойламайтын, қара бастарының қамы үшін шеттерінен жағымпаз болғандар дейміз. Мұнымыз енді, асыра сілтеу. Мәселен, қараңызшы, қандай да бір апат болса, шенді-шекпенділер сол жерде «бәріміз біргеміз» деп шапқылап-ақ жүреді.

Рас, басқа кезде астанаға табанын тіліп, табалдырығына зорға жеткен бейбақтың қолын алмақ түгілі оған жуан мойынын бұрып та қарамайтынын көріп жүрміз. Онысымен қоймай, қабаған иттей күзетшісі әлгінің қол-аяғын қайырып, артынан теуіп, қуып та жіберетіні бар.

Ал, апатты кезде біздің шенеуніктер айналайын ғой, айналайын! Өзгеріп кетеді. "Бәрін істейміз, бәрін қатырамыз" деп ылпылдап, құмырадан шыққан жындай жылмыңдап тұрады.

Сөздеріне қарасаң, қазақша бәрі біледі-ей! Шеттерінен шешен сөйлейді. Түрлеріне қарасаң, жаппай иман жүзді. Бұрындары сұрланып тұратын жүздерінен нұр шашырап кетеді ғой. Ақ жағалы шенді-шекпенділердің боти киген қара халықты ел басындай құрметтеп, тұңғыш президенттей осылайша зор махаббатпен жақсы көріп кеткен кездерін көрмептім.

Шіркіндер «бәрі тек халық үшін!», «бәрі тек халықтың арқасында!» деп тұрады ғой. Майда сөздеріне ғана емес, қауырт тірліктеріне де қызығасың. Жай кезде айтатын жаттанды сылтауларының бәрін ұмытып қалады. Қаржыны да табады, демеушіні де жердің астынан суырып алады. Қала десең қала, ауыл десең  ауыл салып тастайды.

Осындайда қу басқа кейде арам ой келеді.  Жыл сайын жиырма ауылды кісі өлімінсіз су басып тұрса ғой...

Сонда жыл сайын елде су жаңа жиырма ауыл салынып жатар еді.

Басқа кезде шенеуніктер қарапайым халықты тірідей көріп, ауылды қарық  қылған ба еді?!.

 

фото https://primeminister.kz/kz сайтынан алынды

Байланысты жаналықтар

Қаңтар айында төтенше жағдай болған аймақтан 97 мәйіт шығарылған

14.03.2024

Ресейде Ил-76 әскери ұшағы апатқа ұшырады

12.03.2024

Ақтөбе облысында сегіз адамның өмірін қиған жан түршігерлік апат болды

06.03.2024

«Антикор» шенеуніктерді тергеу изоляторы мен сотқа экскурсияға апарады

06.03.2024

Орал қаласында құбыр жарылып, көше суға толды

24.01.2024

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

27.11.2023
MalimBlocks
Қаңтар айында төтенше жағдай болған аймақтан 97 мәйіт шығарылған

Құтқарушыларға бір айдың ішінде жарты миллионнан астам шақырту түскен.

Ресейде Ил-76 әскери ұшағы апатқа ұшырады

Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылардың бәрі қайтыс болды.

Ақтөбе облысында сегіз адамның өмірін қиған жан түршігерлік апат болды

Жол апатынан 8 адам қайтыс болды, оның ішінде балалар да бар.

«Антикор» шенеуніктерді тергеу изоляторы мен сотқа экскурсияға апарады

Оларға қылмыскерді ұстау камералары мен тұтқындардың серуендеу орны көрсетіледі.

Орал қаласында құбыр жарылып, көше суға толды

Диаметрі 400 мм құбыр жарылып кеткен

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлер жарақат алған