Үндістанда көшкін салдарынан 17 адам мерт болды

Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатындағы таулы Дехрадун ауданында муссон жауыны мен көшкін салдарынан кемінде 17 адам мерт болып, 20 адам із-түзсіз кетті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.
The New Indian Express басылымының жазуынша, табиғаттың дүлей күшінен Дехрадундағы көлік инфрақұрылымы бүлініп, үйлер мен қонақүйлер қирады. Тасқын су Риспана мен Биндал өзендеріндегі көпірлерді құлатып кетті. Өз кезегінде ол табиғи апаттан зардап шеккен халыққа көмек көрсетуда қиындықтар тудырды. Өңірде мектептер уақытша жабылып, мемлекеттік мекемелердің жұмысы тоқтатылды.
Уттаракханд штатының бас министрі Пушкар Сингх Дхами Дехрадун ауданына құтқару жұмыстары мен жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін табиғи апаттардың салдарымен күресетін күштерді жіберді.
Фото: DW