457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Үндістанда жер сілкінді

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында жексенбі күні 5,8 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Орталық дерегінше, жерасты дүмпулері бүкіл өңірде, соның ішінде штат астанасы Гувахати қаласында сезілді.

АҚШ Геологиялық қызметі зілзаланың магнитудасын 5,5 деп бағалаған. Сейсмикалық оқиғаның эпицентрі Харупетиядан солтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан. Ошағы 29 км тереңдікте болған. Жер қыртысының тербелісі Гринвич уақыты бойынша 11:11-де тіркелді.

Құрбандар мен қираулар туралы деректер түскен жоқ. Солтүстік Үндістан ірі геологиялық жарылым аймағында орналасқан, мұнда Үнді тектоникалық плитасы Еуразиялық плитамен түйіседі. Сондықтан бұл өңір сейсмикалық тұрғыда қауіпті саналады.

Фото: freepik.com