Дастанның жары: "Ол менің күйеуіммен бірге кезекшілікке шыққан"

Malim Админ

  • 26.05.2020

Кеше Алматыдағы блокбекетте BMW автокөлігімен полиция қызметкерлерінің көлігін соғып, полицейлер – Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы мен Абдықанов Дастан Маратжанұлының өліміне себеп болған мас жүргізуші ешқандай да құқық қорқау органының бұрынғы қызметкері емес. Бұл туралы ZTB парақшасына берген пікірінде марқұм Абдықанов Дастанның жұбайы айтты.

«Мас жүргузуші полицияда қызмет етпейді деген шындыққа жанаспайды. Ол бұрынғы қызметкер емес. Ол менің күйеуіммен бірге кезекшілікке шыққан. Түнгі кезекшіліктеріне өзім тамақ дайындап бергем. Өтінем, шындықты айтыңыздар. Адал жар, ардақты әкелердің өліміне себеп болған қылмыскерді жасырмаңыздар. Марқұмдардың арын таптамаңыздар!», – дейді марқұмның жары. Дастанның артында бір айлық ұлы қалды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі, адам шошырлық апаттың себепкері болған жүргізушінің полиция қызметкері екенін жоққа шығарған. Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Мас жүргізуші полиция қызметкері емес, полицияда қызмет те етпеген. Әскери киім сататын жерден кез келген адам ондай киім ала алады» деген болатын.

Бірақ бүгін қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Тәймерденов кінәлі адам  бұрынғы полиция қызметкері екенін мойындады.

Сонда өтірік ақпарат берген Салтанат Әзірбек ақымақ па, әлде бастығы Қанат Тәймерденов ақымақ па? Журналистердің сұрағына дұрыс жауап бермей, жалған ақпарат берген Салтанат Әзірбек қандай жауапқа тартылады?

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы, марқұм Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, патрульдік полиция полкінің полицейі, марқұм Абдықанов Дастан Маратжанұлы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен награтталды.

Еске салайық, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Екеуі де бақилық болды.

Фото: kaztag.kz (Суретте кінәлі Азат Азаматов)

Байланысты жаналықтар

Екі полицейдің өліміне себеп болған жүргізуші полицияда қызмет еткен

26.05.2020

Нұрділдә Ораз: Полицияны жаманатты қылған - сыртқы күштер

02.06.2020

Тәймерденов пен Әзірбек жазаланды

27.05.2020
MalimBlocks
Екі полицейдің өліміне себеп болған жүргізуші полицияда қызмет еткен

Нұрділдә Ораз: Полицияны жаманатты қылған - сыртқы күштер

Тәймерденов пен Әзірбек жазаланды