Екі полицейдің өліміне себеп болған жүргізуші полицияда қызмет еткен

Malim Админ

  • 26.05.2020

Алматыда блокбекетте екі полицейді қағып кеткен BMW жүргізушісіне қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицейлердің мәліметінше, жүргізуші осыған дейін 6 жыл құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. Алайда жұмыстағы міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін қызметінен босатылған.

"Блокбекетте болған жағдайдан бірден екі полицей қаза тапты. Бірақ, ең өкініштісі, полицейлерді қаққан жүргізуші осыған дейін полицияда 6 жыл жұмыс істеген. Қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін төрт рет тәртіптік жазаға тартылған. Осыған байланысты ішкі істер органдарындағы қызметінен қуылған. Заңды бұза отырып, оған ауыр жаза қарастырылғанын біле тұрып, мас күйде рөлге отырып, қылмыс жасады", - деді қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Тәймерденов.

Оның айтуынша, жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Енді ол 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ол қамауда.

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды