Асабалар: Әкімдік той жасауға рұқсат берсін

Malim Админ

  • 28.05.2020

Бүгін Ақтөбе облыстық әкімдігі алдында наразылық акциясы өтті. Асабалар, фоторафтар, мейрамхана қызметкерлері қаладағы кафе, ресторандарды ашуды талап етті. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайтының өңірдегі тілшісі Жанар ҚОЖАНОВА хабарлайды.

Наразылық шарасына 50-60 адам қатысты. Нәпақаларын тойдан тауып жүрген жұрт әкімдік 150 адамға той жасауға рұқсат берсін деді. Қазір той маусымы басталды. Сондықтан осы кезде жұмыс жасау керектігін айтады. Ақтөбе қаласында кешеден бері базарлар мен сауда орталықтары ашылды.

«Базар мен сауда орындарында мыңдаған адамдар жүреді. Ал тойда ұзаса 200 адам болады. Неге бізге мейрамханалардың ашуына рұқсат бермеске», - дейді ашулы асабалар.

Жиналған бұқараға СЭС пен облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері келді. Олар облыста коронавирустың қайтпай тұрғанын айтты. Алайда, екі жақ ымыраға келмеді. Полиция тек сырттай бақылады. Әкімдік қызметкерлері шерушілерді ішке шақырғанымен олар әкімдік ғимаратына кірмеді. Күннен күнге несиелерінің өсімі өсіп, тұрмыстарының қиындап бара жатқанын айтты.

Жанар ҚОЖАНОВА

Фото автордікі.

Байланысты жаналықтар

Мұнайшылар аштық жариялады

26.01.2021

Дәрігерлер Алматыдағы 4 науқастың жағдайы туралы айтты

14.03.2020

Әлия Назарбаева: Қиын кезде мейірім керек

25.03.2020

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

14.01.2021

Қазақстан тағы қандай елдерден көмек сұрады?

02.04.2020

Цой сенбейді, Аймағамбетов сенеді. Кім патриот?

01.10.2020
MalimBlocks
Мұнайшылар аштық жариялады

Дәрігерлер Алматыдағы 4 науқастың жағдайы туралы айтты

Әлия Назарбаева: Қиын кезде мейірім керек

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

Қазақстан тағы қандай елдерден көмек сұрады?

Цой сенбейді, Аймағамбетов сенеді. Кім патриот?