Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Әлем
Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Молдова президенті Майя Санду коронавирустың  жаңа түріне шалдықты. Осыған байланысты ол Молдованың Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған шараларға қатыспайды, - деп хабарлайды Анадолу ақпараттық агенттігі.


Майя Санду кеше әлеуметтік желі арқылы жасаған видеоүндеуінде  індетке бой алдырғанын айтқан еді.

- Құрметті достар! Өкінішке қарай, мен COVID-пен ауырдым және бүгін немесе ертең қоғамдық шараларға қатыса алмаймын. Өзімді жақсы сезінемін, әдеттегіден көбірек шаршағандаймын, одан басқа сиптомдар жоқ, - деді ел президенті.
Мемлекет басшысы бірнеше күн бойы оқшауланған. Ол молдовалықтарға коронавирусқа байланысты шағым болса, міндетті түрде тексеруден өту керектігін ескертті. Себебі әлемді дүрліктерген инфекцияның қаупі әлі сейілмей тұр.  
Молдова Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған барлық іс-шаралар белгіленген бағдарламаға сәйкес жалғаса бермек.
Айта кетсек, Кишинев қаласында қазір COVID-19 жағдайлары жиілеп кеткен, ауруханада 87 науқас жатыр, жетеуі ауыр халде.

Фото: © Global look press/IMAGO/ARCHEOPIX

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу