freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан экономикасына Германиядан 8 млрд доллардан астам инвестиция тартылған

Саясат
Қазақстан экономикасына Германиядан 8 млрд доллардан астам инвестиция тартылған
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесу барысында Президент Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасымен стратегиялық серіктестікті дамытуға айрықша мән беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Германия – еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі.

Екіжақты сауда және инвестициялық ықпалдастықта оң динамика байқалады. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 8 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Оның басым бөлігі шикізаттық емес секторға тиесілі. Бүгінде елімізде неміс капиталының үлесі бар мыңнан аса компания табысты жұмыс істейді. Олардың арасында CLAAS, Horsch, Siemens, BASF, Heidelberg Materials, Siemens Energy, Knauf және Linde сияқты өнеркәсіп алпауыттары бар, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан тарапы германиялық бизнестің біздің нарыққа көбірек келуі үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістер туралы әңгімеледі.

Жаңа Конституцияда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және өркендеген мемлекет ретінде даму бағытын айқындайтын негізгі қағидаттар көрініс тапқанын айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу