freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық мектептерге биыл оқу жылынан бастап жаңа пәндер енгізіледі

Білім-ғылым
Қазақстандық мектептерге биыл оқу жылынан бастап жаңа пәндер енгізіледі
Фото: Tengrinews.kz

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан мектептерге "Конституция негіздері" және "Қазақстан географиясы" екі жаңа пән енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Министр жаңа оқу жылынан бастап білім беру мазмұны бірқатар жаңа міндетті оқу курстарымен толықтырылатынын айтты.

"5-7-сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері" пәні енгізіледі. 8-11-сыныптарда "Заң және тәртіп" пәні оқытылады. Сонымен қатар 5-11-сынып оқушылары үшін "Жеке қауіпсіздік" міндетті курсы енгізіледі. Келесі оқу жылынан бастап 8-9-сыныптарда "Қазақстан географиясы" пәні қайта оқытылады. Бұған дейін таңдау пәні ретінде жүргізілген "Құқық негіздері" курсы енді барлық оқушы үшін міндетті болады және жаңа Конституция қағидаттарына толық сәйкес келетін мазмұнда оқытылады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сонымен қатар бастауыш білім беру деңгейінде де үлкен өзгерістер болмақ. Балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, оқу бағдарламаларының мазмұны кешенді түрде қайта қаралады.

"Негізгі мақсат – оқу жүктемесін оңтайландыру, оқу материалының сабақтастығын қамтамасыз ету және оқушылардың оқу, жазу, математикалық әрі функциялық сауатының берік негізін қалыптастыру. Атап айтқанда, 1-4-сыныптарға арналған "Математика" пәні бойынша 244 оқу мақсаты толық қайта қаралды. Олардың ішінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін бірқатар мақсат алынып тасталды, ал кейбірі жоғары сыныптардың бағдарламасына ауыстырылды. Сонымен қатар пәннің практикалық бағыты күшейтіліп, күрделі теориялық тақырыптардың көлемі қысқартылды. Оқу жылының басы мен соңында өткен материалды қайталауға арналған бөлімдер енгізілді", – деді министр.

Министрдің айтуынша, бірінші сынып оқушылары үшін бейімделу кезеңі енгізіледі. Бұл мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың оқу процесіне жеңіл бейімделуіне және санау, оқу мен жазу дағдыларын біртіндеп меңгеруіне мүмкіндік береді.

"Тілдік пәндердің мазмұны да айтарлықтай жаңартылды. Әліппеге дейінгі кезең 12 сағатқа дейін ұзартылды. “Әліппе” пәнін оқытуға 84 сағат бөлінді, ал “Ана тілі” пәні екінші жартыжылдықта 102 сағат көлемінде оқытылады.

Сондай-ақ министрі оқу бағдарламаларында ауызша сөйлеу мәдениетін, мәтінді түсіну қабілетін, оқу сауаттылығын және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар күшейтілгенін атап өтті. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу