freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда жаңа үлгідегі паспорт әзірленіп жатыр

Қоғам
Қазақстанда жаңа үлгідегі паспорт әзірленіп жатыр
Фото: gov.kz

Қазақстанда азаматтардың төлқұжатының жаңа дизайны әзірленуде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта ІІМ дизайнерлермен бірлесіп жаңа үлгідегі Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатының макетін әзірлеп жатыр.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында әлеуметтік желілерде «Қазақстанның жаңа төлқұжаты» деген сипаттағы суреттер кеңінен тараған болатын. Көпшілік құжаттың дизайны Оңтүстік Корея төлқұжатына ұқсайтынын айтып, қызу талқылаған.

Алайда сол кезде Ішкі істер министрлігі бұл суреттердің ресми жобаға еш қатысы жоқ екенін түсіндірген еді. Ведомство жаңа дизайнның шынымен әзірленіп жатқанын растағанымен, әлеуметтік желіде жарияланған нұсқалар жалған екенін мәлімдеген.

Қазіргі уақытта жаңа төлқұжаттың нақты қандай болатыны әзірге жарияланған жоқ. Сондай-ақ жобаны аяқтау мерзімі де белгісіз. Министрлік құжаттың эскиздерін әзірше көпшілікке ұсынбаған.

Бұған дейін ІІМ жаңа үлгідегі төлқұжат енгізілген жағдайда қолданыстағы құжаттарды жаппай ауыстыру жоспарланбайтынын, олар жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін күшінде қалатынын айтқан болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу