freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бектенов инфляцияны 10%-дан төмен ұстау бойынша тапсырма берді

Экономика
Бектенов инфляцияны 10%-дан төмен ұстау бойынша тапсырма берді
Үкімет

Премьер-министр Олжас БектеновҮкімет отырысында инфляцияны төмендету, отандық өндірісті қолдау және экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.kz сайтына сілтеме жасап. 

Үкімет басшысы Мемлекет басшысы барлық реформалардың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру екенін атап өткенін айтты.

Күні кеше Парламент палаталарының қорытынды бірлескен отырысында Мемлекет басшысы барлық реформалардың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті.
Биыл инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстап тұру орнықты экономикалық өсімге жол ашатын маңызды фактор. Оған қол жеткізу үшін тиісті құралдар бар. Жұмыс Ұлттық Банкпен үйлестіріле отырып, жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына Макроэкономикалық тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын, сондай-ақ инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы жүзеге асыруды қатаң бақылауға алуды тапсырамын, - дейді Бектенов.

Премьер-министр отандық өндіріске қолдау көрсету, нарықты тауарлармен қамтамасыз ету және баға саясатын реттеу шараларын жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Отандық өндіріске қолдау көрсету, нарықты тауарлармен қамтамасыз ету, сақтау инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту шараларын, сондай-ақ баға саясатын реттеу және «Инвестицияларға тапсырыс беру» құралдарын толық іске асыруды жалғастыру қажет. Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін ескере отырып, теңгерімді тарифтік саясатты іске асыруды қамтамасыз етсін. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылуда. Жыл соңына дейін шамамен 12 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Өнеркәсіп министрлігі отандық тауар өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басым тәртіппен сатып алу арқылы олардың өндірістік қуаттарын арттыру үшін жағдай жасауы қажет, - дейді ол.

Ол құрылыс көлемін қазіргі деңгейде сақтап қана қоймай, арттыра түсу қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы атап өткендей, құрылыс көлемін қазіргі деңгейде сақтап қана қоймай, оны арттыра түсу қажет. Осыған орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жоспарланған тұрғын үй көлемінің пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Инженерлік инфрақұрылымды уақтылы жүргізу және құрылыс жұмыстарының сапасы ерекше бақылауда болуға тиіс, - дейді Премьер-министр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу