freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шетелдіктер асырап алған Жәнібек жаңа жазба жариялады

Қоғам
Шетелдіктер асырап алған Жәнібек жаңа жазба жариялады
Коллаж: kznews.kz

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелге асырап алынған Жәнібек Савелиев әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады. Ол оқырмандарымен амандасып, биологиялық анасын іздеуге қатысты қазіргі жағдайды қысқаша түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Kznews.kz жазуынша, Жәнібек әзірге анасына қатысты іздеу жұмыстары туралы көп ақпарат айта алмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, бұл іспен қазір ресми адвокат айналысып жатыр.

"Қазір анамды іздеу туралы көп нәрсе айта алмаймын, өйткені бұл іспен ресми адвокат айналысып жатыр. Бірақ іздеуімізді Америкада жалғастыруымыз мүмкін сияқты", – деп жазды ол.

Сондай-ақ Жәнібек өзінің өміріне қатысты тағы бір болжам айтқан. Оның сөзінше, оны туған перзентханада америкалық отбасы асырап алған басқа бір сәбимен шатастырып жіберген болуы мүмкін.

"Мүмкін, мені туған перзентханада америкалық отбасы асырап алған басқа бір сәбимен шатастырып жіберген болуы мүмкін. Бұл туралы келесі жазбаларымда толығырақ айтып беремін", – деді Жәнібек.

Жәнібек жазбасында Қазақстандағы жақындары мен оқырмандарына жылы лебізін білдіріп, хал-жағдайларын сұрады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу