freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еуропада аптап ыстықтан 1300 адам көз жұмды

Әлем
Еуропада аптап ыстықтан 1300 адам көз жұмды
Фото: pixabay

Еуропада аптап ыстықтан кейінгі 1 аптада 1300-ден астам адам көз жұмды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

"24kz"дерегіне сүйенсек, құрбандардың көбі – Франция азаматтары. Ең үлкен өлім-жітім деңгейі жасы 65-тен асқан қарттар арасында кездеседі.

Сарапшылардың айтуынша, "кәрі құрлықтағы" температура әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе артық.

Сонымен қатар көптеген елдің инфрақұрылымы мұндай сынаққа дайын болмай шықты. Энергия жүйесінің үлкен жүктемеге шамасы жетпей жатыр. 

Айта кетейік, Еуропада айрықша ыстық маусым айының ортасында басталды. Франция, Ұлыбритания, Нидерланд пен Италияда күн райына қатысты қауіп-қатердің ең жоғары "қызыл" деңгейі жарияланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу