freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Пәкістанда шатыр опырылып, 14 бала көз жұмды

Әлем
Пәкістанда шатыр опырылып, 14 бала көз жұмды
Видеодан алынған скрин

Пәкістанның Лахор қаласында оқу орталығының шатыры опырылып, кемінде 14 бала қаза тауып, бірнешеуі жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. 

Rescue 1122 құтқару қызметінің ресми өкілі Фарук Ахмедтің айтуынша, оқиға елдің шығысындағы Пенджаб провинциясына қарасты Лахор қаласының маңындағы Кахна ауданында болған. Оқиға кезінде ондаған бала сабақта отырған. Осы сәтте сыныптың шатыры кенеттен опырылып, оқушылар үйінді астында қалған.

Фарук Ахмедтің мәліметінше, апат салдарынан 14 бала қаза тауып, тағы он шақты зардап шеккеннің жағдайы ауыр. Осыған байланысты құрбандар саны артуы мүмкін.

Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды іздеу және құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.



 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу