Докторантураға қанша грант бөлінетіні белгілі болды

  • 24.05.2020
  • Malim Админ

Биыл PhD докторларын дайындауға 2355 мемлекеттік грант бөлу жоспарланып отыр. Бұл білім және ғылым министрінің 2020-2021 оқу жылдарына арналған жоғары білімді кадрларды мемлекеттік білім беру тапсырысымен дайындау жөніндегі 18 мамыр күні қол қойған бұйрығынан белгілі болды.

Еліміз білім беру саласына бюджеттен  бөлетін қаржыны жыл сайын өсіріп келеді. Осының арқасында биыл білім және ғылым мнистрлігі докторантураға бөлінетін мемлекеттік грант санын айтарлықтай арттырды.

Былтырғы жылы министрлік докторанттарды дайындауға 1564 грант бөлген. Сондықтан биыл ғылым жолына түсіп, докторантурада білім аламын деушілер үшін бағын сынап көретін тамаша мүмкіндік туды.

Биыл әсіресе, педагогика мен жаратылыстану ғылымдарына көп грант бөлінді. Мәселен, педагогика ғылымы бойынша докторанттарды дайындауға 445, жаратылыстану ғылымдары, математика мен статистика бойынша 540, инженерлік, өңдеу және құрылыс мамандықтарына 548 грант бөлінді.

Бизнес, басқару және құқыққа тапсырушы үміткерлерге 180 мемлекеттік грант қарастырылған. Өнер және гуманитарлы ғылымдарға 103, ауыл шаруашылығы және биоресурстарға 83, ақпараттық коммуникациялар технологиясына 180 және қызмет көрсету саласында докторларды дайындауға 28 орын беріліп отыр.  Қалған 115 грант Назарбаев университетінде оқытылатын докторантураға бөлінді.

Жалпы, білім және ғылымға бөлінетін қаржы жыл сайын артып жатыр. 2019 жылы білім беруге республикалық бюджеттен 2,33 триллион теңге бөлінген. Бұл жылы ішкі жалпы өнімнің 3,62 пайызына тең. Оның үстіне бұл қаржыландыру 2018 жылмен салыстырғанда 19,7 пайызға көп. Оның ішінде жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беруге бөлінген ақша да артты. Атап айтқада, 206,4 миллиард теңгеден 238,9 миллиард теңгеге өсті.

Санмен қатар сапа да өсуі тиіс. Білім және ғылым министрлігі жокторантура гранттарының санын арттырып қана қоймай, докторлық диссертация жетекшілеріне қойылатын талапты күшейтті. Академиялық хат, академиялық адалдық принциптерін меңгеру докторантурада оқудың басты нәтижесіне айналуы тиіс.

 

 

Байланысты жаналықтар

Сағынтаев ертеңгі митингіге дайын

01.03.2020

"Болашақ" бағдарламасының ережесі өзгерді

13.05.2020

Қ.Тоқаев: Үстел теннисі жеңіске жетеріне үміттімін

23.11.2020

ҰБТ-ға қандай санитарлық талаптар енгізілді?

15.06.2020

Ахметовтің қазасына Махмахановтардың қатысы болуы мүмкін

04.09.2020

Әбдіқалықованың тағайындаулары бітпей жатыр

15.06.2020