Балақай, сен жалғыз емессің!

  • 01.06.2020
  • Malim Админ

1 маусым Дүниежүзілік балалар күніне орай Алматыда "Сен жалғыз емессің!" атты мейірімділік акциясы өтті. Акция  ерекше балалар мен олардың ата-аналарын қолдауға бағытталған.

"Сен жалғыз емессің!" акциясын «ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы», Орталық Азияның Еуразияқоры мен «Шеврон» компаниясының демеушілігімен «Qolda» жедел жәрдем бағдарламаласының аясында ұйымдастырды.

«Сіздің үйіңізге соңғы рет ертегі кейіпкері қашан келіп еді? Жаңа жылда келген шығар», - дейді Захира Бегалиева, «ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығының» директоры. «Бұл дәстүрді өзгерту біздің қолымызда. Сондықтан, біз ертегілердің жарқын және сиқырлы кейіпкерлерімен, сыйлықтар, шарлар алып, көтеріңкі көңіл-күймен ерекше экипажды дайындадық. Біз мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 30 отбасыға барып, өзіміздің позитивті энергиямызбен бөлістік. Біздің  ойымыз – әр бала ғажайыпқа сену керек».

Рафаиль 12 жаста. Ол сурет салу мен әр нәрсені құрастырғанды жақсы көреді. Музыкалық аспаптарға да жаны жақын. Кеңестік мультфильмдерді, комедияларды тек қана дискіден көргенді және оларды жинақтағанды ұнатады. Бөренеден салынған үйде тұрғанды армандайды.

Руслан 5 жаста, сөйлемейді, айналасында болып жатқанның барлығын түсіне бермейді. Бірақ өмірге құлшынысы күшті. Ол жүзумен, иппотерапиямен айналысады. Екі жылдың ішінде жүзуді игеріп алды, нәтижелері жаман емес. Анасы айтқан ертегілерді тыңдағанды, кітап оқып бергенін жақсы көреді.

«Біз бәріміз қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатырмыз, және әр адам үшін оқшаулану кезеңі күш пен шыдамдылықтың қиын сынағына айналды. Бірақ көптеген мүгедек адамдар үшін «өзін-өзі оқшаулау кезеңі» өмір бойы өтеді. Шынында, мүгедектігі бар баланың қоғамның тең құқықты мүшесі болуы көбінесе қиынға соғады. Тұрғын үйлердің кіреберістері, баспалдақтар, сатылар мен шекаралар кедергі болып тұр. Бірақ балалар, сынақтарға қарамастан, өздерінің таза жандарына, ертегілерге, ғажайыптарға және жақсы адамдарға сенеді»,- дейді Альмира Юсупова, 11 жастағы Шухрат Юсуповтың анасы.

«ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» «Qolda» жедел жәрдем жобасы аясында мүгедектігі бар адамдарға, баласы мүгедек аналарға және зейнеткерлерге, жетім-жесірлерге, жалғыз басты зейнеткерлерге және көпбалалы отбасыларға  гуманитарлық, психологиялық және консультациялық көмек көрсетіп жатыр.

Байланысты жаналықтар

Алматының бас санитар дәрігері ауысты

18.04.2020

Киік мүйізін «кәсіпке» айналдырғандар ұсталды

02.03.2020

Сәтбаевта "бала зорлады" деген күдікті екі айға қамалды

27.07.2020

Карантин ұзартылды. 42 500 теңге төлене ме?

30.07.2020

Қарағанды коронавирусқа қарамай дамыпты

03.11.2020

Тағы бір әйел әкім болды

26.10.2020