ҰТБ-ға енді калькулятор алып кіруге болады

  • 02.06.2020
  • Malim Админ

Бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биылғы ҰБТ-ның қалай өтетінін баяндады: «Бейнежазбаны қарау кезінде талапкерлердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, онда ҰБТ нәтижесі, сонымен қатар білім беру гранты жойылады. Бұған қоса, тағы да жаңашылдықтар бар. Тест тапсырушыларға қарапайым калкульятор берілетін болады және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа дейін ұзартылды. Талапкерлер ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін біз оларға ақысыз орталықтың сайтында 70 нұсқа тесттерін алдын ала берген болатынбыз. Түлектер емін-еркін осы сынама тестілерді тапсыру мүмкіндігіне ие болды және тапсырды деп айта аламыз», - деді министр.

Елімізде ҰБТ биыл 17-рет өткелі отыр. Осы уақытқа дейін тестілеуге 2 миллионға жуық адам қатысқан. 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет: қаңтар, наурыз, тамыз айларында өткізіліп жүр. «Биыл ҰБТ форматы өзгерген жоқ. Барлығы 5 пән, 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде өткізіледі. Барық тест тапсырмаларының саны - 120, максималды балл - 140. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 15 сәуірден 10 мамырға дейін жүргізілді», - деді министр.

Байланысты жаналықтар

Дәрігер: 425 мыңның орнына төлегендері 30-35 мың теңге

05.08.2020

"Сауат ашу" орнына қайтадан "Әліппе" оқытылады

21.07.2020

Токио-2021: Қазақстанда қанша жолдама бар?

31.03.2021

Жаңа жылда күн суытады

30.12.2020

"Елде саяси партия құру мүмкін емес дегенмен келіспеймін"

20.02.2020

Шымкент оқушылары IV-тоқсанды аралас форматта оқиды

01.04.2021