Тоқаев: «Жақында оның 80 жас мерейтойын атап өтеміз»

  • 03.06.2020
  • Malim Админ

Қазақстанда Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ орнынан Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ президент болып сайланғалы сарапшылар мен саясаттанушылар тарапынан жиі айтыла бастаған қос биліктілік жоқ. Бұл туралы «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында президент Тоқаев айтты.

Назарбаевтың президенттіктен кеткенмен үлкен саясаттан кетпегенін Тоқаев оның тарихи еңбегімен түсіндіріпті.

«Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев – тарихи масштабтағы тұлға, қазіргі Қазақстанды құрушы. Әлбетте, оның халқымыз үшін, халықаралық қауымдастық үшін істеген еңбегін айтатын боламыз. Біз үшін, оның саяси мұрасын сақтап қалу маңызды, бұл Қазақстанның мемлекеттілігін нығайта түсу үшін керек», - деді Тоқаев.

Тоқаев өзінің мұрагерлік арқылы президент болғанын, демек, Назарбаев ұстанған саясат жалғаса беретінін бұған дейін де бірнеше мәрте айтқан. Тоқаев саясатын Назарбаевтың өзі де қолдайды. Және Тоқаев Қазақстанда қос биліктің жоқтығына бірінші президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасын куәгер ретінде көрсетеді.

«Қазіргі қиын жағдайда менің дағдарыстан тездетіп шығу, жаңа экономика құру және азаматтарды материалдық қолдау туралы бағытымды қолдауды Назарбаев шешімді түрде айтты. Ешқандай да қос биліктілік жоқ, бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі бірнеше рет айтып, қазіргі президенттің айналасына топтасуға шақырды».

Сонымен қатар, Тоқаев биыл Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойын (6 шілде) атап өтетінін ескертіпті. Өз туған күнін тойлауға, сыйлық беруге, құттықтауға тыйым салған президент бұрынғы президенттің туған күнін қандай деңгейде атап өтер екен...

Байланысты жаналықтар

Дүңгендер кім және қайдан келген?

08.02.2020

Айсұлтан Назарбаев: Адамдарды революцияға шақырғым келмейді

24.02.2020

Пандемиядан кейінгі барахолка: Жылы офисте отырсам ғой

23.02.2021

Бокстан 7 жыл бұрынғы жетістікті қайталадық

24.04.2021

Мамин тартпаған миллиард долларды Мұтанов қайдан тартсын?..

05.02.2021

"Төлесова бізді ұрып, қорлады" деген полицейлер сотта әбден шатасты

07.08.2020