«Nur Otan қазақты бақытқа жетелей берсін»

Malim Админ

  • 12.06.2020

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында коронавируспен күрес жағдайында белсенділік танытқан волонтерлар партия төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ алғыс хатымен марапатталды.

Марапат иелері республикалық «Biz Birgemiz» акциясында көзге түскен азаматтар. Волонтерларға алғыс хатты партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК тапсырды.

Сондай-ақ, Бауыржан ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ шоумен Тұрсынбек ҚАБАТОВ, әнші Ибрагим ЕСКЕНДІР, айтыскер Балғынбек ИМАШЕВ, актер Әділ АХМЕТОВ сынды танымал адамдарды қабылдады. Айтыскер Имашев Бауыржан Байбекке өлеңін оқып, бас партияға тілегін айтты.

«Бауырымыз Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» әнін тыңдағанда толқымайтын қазақ жоқ. Падемияның алдында «Бір бізгеміз» деген әні барлық қазақтың жүрегін жаулады. Менде «Әр қазақ менің көк туым» деген өлеңім бар еді. Сөзімді сонымен аяқтасам.

Көргенде шыдап жан қалмас,

Көк тудың желбірегенін.

Мен әлемдегі әр қандас,

Көк тудың өзі дер едім.

Ата дінімен жүрмесек,

Қарайғаны ғой қанымыз.

Ананың тілін білмесек,

Көк туды таптағанымыз.

Қазақты ұрса қол біздің,

Қазақ боп тұрып жанымыз.

Бауырды емес ол біздің,

Көк туды қорлағанымыз.

Өмірлік жарды таңдасақ,

Уәдеде тұрсын еліміз.

Қазақтың қызын алдасақ,

Көк туға түкіргеніміз.

Өзім деп әр ұл, әр қызын,

Мейіріміңнің төк нұрын.

«әр қазақ менің жалғызым»,

Әр қазақ менің көк туым!

Әр қазақты көк туым деп білетін «Нұр Отан» партиясы қазақты бақытқа жетелей берсін», - деді айтыскер Балғынбек Имашев.

Фото: qazaquni.kz