Бүгін 27 жасқа толар еді

Malim Админ

  • 13.06.2020

Бүгін даңқты спортшы Денис ТЕННІҢ туған күні. Тірі болғанда 27 жасқа толар еді. Ол 1993 жылы Алматы қаласында дәл осы күні өмірге келген.

Денис ТЕН Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Олимпиада ойындарының қола, әлем біріншіліктерінің күміс және қола жүлдегері. Азия ойындары иен қысқы Универсиада жеңімпазы және Қазақстанның бес дүркін чемпионы. Сондай-ақ басқа да түрлі халықаралық жарыстарды жеңген. Денис Тен қысқы спорт түрлерінде бұндай жетістіктерге жектен тұңғыш спортшы.

Бүгін Денистің туған күні. Тірі болғанда 27 жасқа келер еді. Көп дүниені жасап кетті. Және көп нәрсені атқармай кетті. Ол жайлы естелік жазу аздық етеді. Кітар жазуға болады. Денис тұлға ғана емес, ол жеке бір планета. Спортқа, шығармашылыққа, жақсы көретін адамдарына тұтастай өзін бере салатын. Көбі Денисті даңқты спортшы ретінде біледі. 11 жастан бастап өлең жазғанын көбі біле бермейді. 2014 жылдан бастап әңгімелер жаза бастады. Кітабын шығаруды жоспарлаған. Фигуристармен сұхбаттар жасауды да ойластырған еді», - деп еске алыпты спортшымен жақын араласқан Айгелия МЫРЗАБЕКОВА.

2018 жылы 19 шілде күні спортшы көлік тонаушылардың қолынан қаза тапты. 2019 жылы Алматыда оған арналған ескерткіш бой көтеріп, Д. Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өткізіле бастады.

Фото: egemen.kz