Тоқаев: «Қоғам тарапынан сынға да ұшырадыңыздар»

  • 23.06.2020
  • Malim Админ

Коронавирус падемиясы халықтың әл-ауқатына нұқсан келтіруде. Бұл туралы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «BIZ BIRGEMIZ» телемарофонында айтты деп хабарлайды Malim.kz.

Тоқаев Қазақстанда коронавирусқа қарсы атқарылған шаруаларды теңдессіз деп бағалады.

«Бұл, әрине, өте ауқымды әрі күрделі жұмыс. Осыған орай мемлекет тарапынан теңдессіз шаралар қабылданды. Коронаврируспен күресу үшін мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінді. Жағдайы жоқ отбасыларға азық-түлік, қаржылай көмек көрсетілді. Шағын және орта бизнес өкілдеріне бірқатар жеңілдік жасалды. «Біз біргеміз» қорынан да қомақты қаржы бөлініп, мұқтаж жандарға таратылып беріліп жатыр, - деп жалпылама жағдайға тоқталған Тоқаев бұдан ары бұл қиындықтың бәрін ел бірлігінің арқасында жеңіп шығамыз деді.

Жалпы, коронавирус салдарынан туындаған қиындықтар аз емес. Соның ең бастысы – денсаулық жағдайы болса, одан кейінгі мәселелер – экономикалық жағдай мен әлеуметтік тұрмыстың төмендеуі және қоғам мен билік арасындағы түсініспеушіліктер. Бұл жайында президент әсіресе полиция мен медицина қызметкерлеріне тоқталды.

«Бұл аса қауіпті дерт азаматтарымыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, халықтың әл-ауқатына нұқсан келтіруде. Медицина қызметкерлірі, полиция қызметкерлері, еріктілер, әскери қызметкерлер талмай еңбек етті. Ең бірінші сіздерге алғыс айтамын. Бұл күрес кезінде сіздер дәрі-дәрмектің, қорғаныс киімрдердің жетіспеушілігіне тап болдыңыздар. Бірақ біз оны да жолға қоямыз. Үкіметке қажетті тапсырма берілді».

Тоқаев полиция қызметкерлеріне алғыс айта тұрып, олардың арасында кәсіби міндетін дұрыс орындамағандар да болғанын айтты.

Құқық қорғау органдарына да аса үлкен рахмет айтамын. Қоғамдағы тәртіп полиция жұмысына байланысты. Төтенше жағдай кезінде мінсіз қызмет еттіңіздер. Кейде қоғам тарапынан сынға да ұшырадыңыздар. Әрине, кәсіби біліктілігі жоқ полиция қызметкерлері де жоқ емес. Бұл жалпы полиция абыройына нұқсан келтіреді. Бірақ бұл полиция нашар жұмыс істейді деген сөз емес», - деді президент.

Айта кету керек, астанада ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «BIZ BIRGEMIZ» онлайн-форумы өтіп жатыр. Онда білім беру, денсаулықсақтау, әлеуметтік қорғау саласында жемісті жұмыс істейтін және пандемия мен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды марапатталмақ.

Байланысты жаналықтар

"Елде саяси партия құру мүмкін емес дегенмен келіспеймін"

20.02.2020

“Өз іс-әрекеттеріңмен өздеріңді қатерге итермеңдер!”

02.07.2020

Педагог мәртебесі карантинде қалай қорғалып жатыр?

25.04.2020

«Шымбұлақ» жаңа маусымда қандай жаңалық ұсынады?

28.11.2020

Біріккен статистика: Бір тәулікте 6407 адам ауырған

02.08.2020

«Únsіz qalma»: Оқушылар арасында кикілжің туындағанда не істеу керек?

16.10.2020